Қолдан тоқылған кілемнің өзінен қыруар табыс тапқан ел
Қолдан тоқылған кілемнің өзінен қыруар табыс тапқан ел
4 жыл бұрын 3879 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран ислам республикасының кеден басқармасы (IRICA) хабарлағандай, ирандық жыл қайыру күнтізбесі бойынша 1399 жылдың алғашқы сегіз айында елдегі шеберлердің қолынан шыққан кілем экспортынан 48 млн доллар табыс түскен. Бұл жайында islam.kz порталы шиғалар елінің IRNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. IRICA өкілі Рухолла Латифидің айтуынша, 2018 жылы АҚШ Иран экономикасын тұралату мақсатында бір жақты санкция салғаннан кейін ирандық кілем экспортының 30 пайыздан астамы АҚШ құраған. Бір қызығы, ирандық кілемнің қызығын америкалықтар көрген. Осылай деген ол қазіргі уақытта иран кілемі көрші елдерге, атап айтқанда, Ауғанстанға, Иракка және Пәкістанға көбірек экспортталып жатқанын жеткізді. Ал өткен жылы, яғни, ирандық жыл қайыру бойынша 1398 жылы қолдан тоқылған кілем экспортынан Иран экономикасы 238 млн доллар пайда көрген. shatanews.ir дерек көзінің келтірген мәліметіне өқарағанда, парсы кілемінің тарихы 7000 ылдан асады. Иран кілемі ежелгі заманнан брендке айналған, иран кілемі өнер мен мәдениеттің, өркениеттің «асыл сынығы». Ал машинамен тоқылған кілем экспортынан шиғалар елі жыл сайын 350 млн табыс тауып отыр. Бұл туралы ирандық тоқыма мамандары қауымдастығының директорлар кеңесінің белді мүшесі Алиреза Хаери мәлімдеген болатын. Осы жылдың мамыр айында. Оның есебі бойынша өткен жылы ел аумағында машинамен тоқылған кілемнің жалпы көлемі 90 млн шаршы метрге жеткен. Оның 30 млн шаршы метрі ішкі нарыққа бағытталған. Парсы шығанағындағы бұл елдің қуаты жылына 120 млн шаршы метрге жететін кілем тоқуға жетеді. 

0 пікір
Мұрағат