Қасиетті Мекке «ақылды» мекенге айналады
|
Саудияның байланыс және ақпараттық технология министрлігі исі мұсылман қастер тұтатын қаланы осы заманғы озық технология көмегімен «ақылды» аймаққа айналдыратынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Saudis Coop ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта Жидда қаласында ханзада, қасиетті екі мешіт шырақшысының кеңесшісі, Мекке аймағының губернаторы Халид ибн Фейсалдың жетекшілігімен алқалы жиын өтті. Бұл шараға Саудияның байланыс және ақпараттық технология министрі Абдулла әл-Сауақ қатысты. Мекке провинциясының байланыс және ақпараттық технология саласына құйылған инвестиция мөлшері 4 млрд риалға (саудиялық арабтарбың ұлттық валютасы) жеткен. Аталмыш аймақтағы ұялы байланыс мұнараларының саны 4000-ға жеткен, ал интернеттің орташа жылдамдығы – секундына155 Мбит, бұл көрсеткіш әлемдегі интернеттің орташа жылдамдығынан екі есе асып түседі. 2021 жылы аймақтағы интернет жылдамдығы 63%-ға артқан. Ал цифрлы мүмкіндіктеріне тоқталсақ, бұл провинцияда ұшқышсыз ұшатын аппаратқа (энергетика мен әуе инспекциясына арналған) мамандандырылған әлемдегі ең үздік академиялардың бірі бар. Бұдан бөлек, жастардың цифрлы жобаларға қатысуына барлық жағдай қарастырылып отыр. Соның ішінде түрлі байқаулар ұйымдастырылады, арнайы курстен өтеді, т.б. Ең қызығы, Меккедегі байланыс және ақпараттық технология секторындағы әйелдер үлесі арты келеді - 28%. Соның ішінде Саудияның киберқауіпсіздік федерациясының келтірген дерегіне қарағанда, киберқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін әйелдер қарасы бүгінде 45%-ға жеткен.