Психикалық ауруға ұшырған айыпталушыға өлім жазасы қолданылмайтын болды
Психикалық ауруға ұшырған айыпталушыға өлім жазасы қолданылмайтын болды
4 жыл бұрын 2383 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның жоғарғы соты ауыр қылмыс бойынша айыпталып отырған адамның психикалық аурудан зардап шегетіні белгілі болса, оны өлім жазасына кесу туралы үкім шығаруға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Жоғарғы соттың осы мәселеге қатысты қаулысында айтылғандай, қатаң шара ақыл-есі кем жанның жазаның не екенін ұқпайтындықтан «әділдіктің үстемдік етуіне әкелмейді». «Егер айыпталушы тұтқын психикалық ауытқуына байланысты не үшін жазаланып отырғанын түсінуге қабілетсіз болса, онда өлім жазасын орындау әділ соттың мақсатына сай келмейтін болады»,- деп айтылған екен қаулы мәтінінде. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Пәкістан өлім жазасын қолдану бойынша әрі өлім жазасын күтіп жатқандардың қарасы бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, 2019 жылы аталған елдің өлім жазасына кесілгендер камерасында кем дегенде 4225 адам болған. Пәкістанның қылмыстық кодексінде қылмыстың 30-дан аса түрі бойынша өлім жазасы қарастырылған екен. Соның ішінде мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияны ашу секілді қылмыстарға қарағанда зина жасау, кісі қанын мойнына жүктеу, құдайға тіл тигізу, лаңкестік секілді қылмыстар бойынша өлім жазасына кесілгендер қарасы көп. 2019 жылы аталған елде 632 адамға өлім жазасы қолданылған екен, бұл көрсеткіш әлемдегі барлық өлім жазасының 27,3%-ын құраған.

0 пікір
Мұрағат