Өз-өзін жұмыспен қамтушыларға да еңбек өтілі есептеліп, зейнетақы төленеді
Өз-өзін жұмыспен қамтушыларға да еңбек өтілі есептеліп, зейнетақы төленеді
4 жыл бұрын 2625 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейдің «Біртұтас Ресей» фракциясы мемлекеттік думаға осы жылдың соңына дейін өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтарға қатысты заң жобасын қарауға енгізеді. Бұл жайында Мемлекеттік думадағы аталмыш фракцияның жетекшісі Андрей Исаев «Ресей газетіне» берген сұхбатында мәлім етті. Соңғы жылдары Ресей Федерациясында өз-өзін жұмыспен қамтитын азаматтар қарасы артып келеді. Алайда, олардың қызметін тек «Кәсіби табысқа салық салу» деп аталатын арнайы салықтық режим туралы заң шеңберінде ғана анықталған. Осы уақытқа дейін өз-өзін жұмыспен қамтушыларға салық салынғаны болмаса, олардың әлеуметтік және еңбек қатынасы саласындағы құқықтары елеусіз қалған еді. Яғни, оларға қандай да бір әлеуметтік кепілдік қарастырылмаған. Мемлекеттік дума қабырғасында әзірленіп жатқан жаңа заң жобасында «өз-өзін ұмыспен қамту» ұғымының анықтамасы нақтыланады, олардың құқықтары мен кепілдіктері ескеріледі әрі мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылады. Табысынан айырылған жағдайда немесе жұмыссыз қалғанда оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі, ең бастысы – зейнетақымен қамтамасыз ету. Бүгінде ресейлік өз-өзін жұмыспен қамтушылардың орташа жасы 30-40 жасты құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат