Өткен жылы қанша адамға өлім жазасы қолданылғаны туралы дерек шықты
Өткен жылы қанша адамға өлім жазасы қолданылғаны туралы дерек шықты
13 күн бұрын 767 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2024 жылы күллі әлем бойынша 1518 өлім жазасы қолданылған. Бұл көрсеткіш 2015 жылғыдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 2015 жылы әлемде 1634 өлім жазасы орындалған екен. Бұл жайында islam.kz порталы Amnesty International ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барлық өлім жазасының 90%-дан астамы үш елде жүзеге асырылған – Иран, ирак және Сауд Арабиясы. Одан кейінгі орынға Қытай мен Йемен табан тіреген. Amnesty International өкілдері Қытай, Солтүстік Корея және Вьетнам елдерінің жабық режимді мемлекет болуына байланысты өлім жазасына қатысты үкімдер саны туралы мәлімет толық еместігін алға тартып отыр. Ал өлім жазасы бар Израил мен Сириядағы мағлұмат соғысқа байланысты белгісіз болып қалған. ЪХалықаралық құқық қорғаушылар 2024 жылғы өлім жазасының 40%-дан астамының есірткімен байланысты орын алғанын мәлімдеді. Есірткімен байланысты қылмыс ауыр қылмыс санатына жатқызылмайды халықаралық стандарт бойынша. Есірткімен байланысты өлім жазасы Қытайда, Иранда, Саудияда, Сингапурде, т.б. қолданылады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4