Өрт сөндірушінің сөзі жұртшылықтың наразылығын тудырды
Өрт сөндірушінің сөзі жұртшылықтың наразылығын тудырды
9 жыл бұрын 2663

Twitter әлеуметтік желісінің пайдаланушылары өткен аптада Хьюстон қаласындағы мешіт өртенген кезде Техас тұрғынының айтқан сөзіне наразылықтарын білдіріп жатыр. Хьюстон елді-мекеніндегі үш ислам орталығы бар болса, солардың бірі (от қойған қаскүнемдердің кесірінен де болуы мүмкін) түгі қалмай жанып кетті. Бір тәуірі, ешкім тілсіз жаудан зардап шеккен жоқ. Алайда, жергілікті мұсылман жамағатына үлкен шығын келгені сөзсіз. Жанып кеткен мұсылман құлшылық үйінің орнына жаңасын тұрғызуға жылу жиналып жатыр. Бұл жайында The Daily Mailақпарат көзі хабар таратты. Айта кету керек, осы мешітке атышулы Гуантанамо түрмесінің бұрынғы күзетшісі, кейін тура жолға түсіп , иман келтірген азамат (аты-жөні айтылмаған – ред.) арнайы келіп, сөз сөйлеуі тиіс болатын. Амал нешік, мешіт жанып кеткендіктен бұл шара да аяқсыз қалған еді. Мешіттің өртенгені жөніндегі жаңалықтан кейін Дастин Херрон есімді өрт сөндіруші біреу осынау төтенше жағдайға байланысты білдірген пікірі елдің ашу-ызасын тудырды. «Жана берсін...» деген сөзі отқа май құя түскендей болды. Мешіт қызметкерлері өрт шықпай тұрып, белгісіз біреудің артынан отқа оранған мұсылмандардың құлшылық үйін айналсоқтап, «Алла» деп кекесінмен айғайлап жүрген ер адамды көргендерін жеткізді.     

 

Осымен үшінші рет шабуыл жасалды

Австралияның Перт қаласындағы мешіт соңғы сегіз айдың ішінде исламофобтар тарапынан осымен үшінші рет шабуылға ұшырады. Бұл жолы вандалдар мешіттің қабырғасына өздерінің «ККК» (Ку-клукс-клан) аббревиатурасын жазып кетіпті. Бұл жайында ABC News ақпарат көзі хабар таратты. Айта кету керек, мұсылмандардың аталмыш ғибадат ғимаратына өткен жылдың қараша айында доңыздың басын лақтырып кетсе, маусым айында свастика белгісін айғыздап кеткен еді. 

0 пікір
Мұрағат