|
Екі басы, үш құлағы бар бұзау төлдеді
|
Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Іле облысы Нылқы ауданында тұратын Ерлан есімді азаматтың үйінде екі басы, үш құлағы бар бұзау төлдеді. Бұл жайында nur.kz сайты Qamshy.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
[Ерланның айтуынша, сиыр төлдейтін уақыты келсе де үш күн төлдей алмай қиналып жүрген. "Басында біз малды ауырып қалды ма деп ойладық, бірақ, қандай да бір аурудың белгісін таппадық", - дейді Ерлан.
"Туу барысында мал қатты қиналып, өлуге жақындаған соң, бауыздап алдық. Сою барысында әлгіндей жағдайды көріп жағамызды ұстадық. Сиырдың ішін жарғанда екі басы, үш құлағы бар бұзау шықты", - деді малдың иесі.
"Заманның азғаны мен қоршаған ортаның ауыр деңгейде ластанғаны да бұған себеп болуы мүмкін", - дейді Ерлан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды