Мұхаммед бен Салман әкесін тақтан тайдыруы мүмкін (видео)
Мұхаммед бен Салман әкесін тақтан тайдыруы мүмкін (видео)
6 жыл бұрын 4354 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Өзгеше ойлайтыны үшін "Қызыл ханзада" атанған әкесі Талиал ибн Әбдіәзіз әл-Сауд елдегі монархиялық шексіз билікті "конституциялық монархияға" айналдыруды көздегені үшін шетелге, дәлірегі, Еуропаға бас сауғалаған баласы Халид бин Фархан әл-Сауд тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның әкесі Салман ибн Әбдіәзізді тақтан тайдыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Стамбұл шаһарындағы Саудияның елшілігінде қастандықпен өлтірілген саудиялық оппозициялық бағыттағы тілшінің - Жемал Кашыкшының басындағы жағдайға байланысты тақ мұрагері титулынан айырлмас үшін осындай қадамға баруы мүмкін екенін жеткізді. SalamNews порталының "әл-маядин" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, корол Мұхаммед бен Салманды (саудиялық тілшіні өлтіруге бұйрық бергені үшін) тақ мұрагері титулынан айырып, оның орнына екінші ұлы Халидті тағайындайды. Десе де королдің бұл әрекеті сәтсіз аяқталуы мүмкін. Әкесінен бұрын тақ мұрагері ерте қимылдап, әкесін тақтан тайдырады. Қазіргі уақытта Германияда тұрып жатқан, өзін оппозиционер санайтын Халид бин Фарқан осыдан бірер ай бұрын британиялық «Middle East Eye» ақпарат көзіне берген сұхбатында да Саудиядағы саяси ахуалды тілге тиек еткен болатын. Сол сұхбатында да Саудияны әне-міне оянуы тиіс жанартауға теңеп, оның жалыны тек Таяу Шығысты ғана емес, күллі Еуропаны да шарпитынын айтқан болатын. Осылай дей келе ол ішкі алауыздық пен бақталастықтан Саудияның халықаралық терроризм ошағына айналатынын да тілге тиек еткен еді. 

0 пікір
Мұрағат