Моңғол кашемирі алғаш рет құрлық арқылы экспорттала бастады
Моңғол кашемирі алғаш рет құрлық арқылы экспорттала бастады
4 жыл бұрын 2032 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Моңғол кашемирінің 70%-ға дейінгісі алғашқы өңдеуден соң экспортталады. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Моңғолия тарапы жуылған кашемирдің экспортын азайтуды, түптеп келгенде жуылған кашемир экспортын тоқтатуды, есесіне, кашемир өндірісін арттырып, қосымша құнмен эксопрттауды көздеп отыр. Моңғол тарапы кашемирдің 20 тоннасын Италияға алғаш рет құрлықпен жөнелтті. Бұл 20 тонна кашемирдің 10 тоннасы 100% жоғары сапалы моңғол кашемирінен халықаралық талаптарға сай жасалған өнімдер екенін растайтын Mongolian Noble Fiber сертификатына ие. Экологиялық таза өндіріс стандартының талаптарына сай тоқыма өнімдеріне арналған. Khanbogd Cashmere компаниясы кашимирді бұрындары Италияға Қытай арқылы, одан мұхит арқылы экспорттайтын. Бұған табаны күректей 90 күн кететін. Ендігі жерде моңғол кашемирі шамамен 20 күннен кейін діттеген жеріне жеткізіледі. Кашемир қой жүнінен тоқылған киімдерге қарағанда 8 есе жылы. Алайда, кашемир материалы алынатыни тау ешкілерінің күйі қашса, кашемирдің сапасы төмендеп кетеді, Оның үстіне, кашемирді жинау, өңдеу, т.б. машақаты көп жұмыс, кашемирден тоқылған киімдердің қымбат болуының бір себебі осында жатыр.Бір жемпір тоқу үшін төрт тау ешкісінің жүні пайдаланылады. Кашмир тауында жайылатын ешкілерден алынатын кашемирді әлемдік брендке айналдыру бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.

Осы орайда Уикипедия электронды энциклопедиядан мынадай мәлімет бере кетпекпіз: Кашеми́р (фр. cachemir, нем. Kaschmir, ағылш. cashmere) — Үндістанның, Қытайдың, Непалдың, Пәкістанның әне Моңғолияның солтүстік аймақтарында мекен ететін тау ешкісінің биязы, ұлпа жүнінен таралған, иірілген жіптен тоқылған өнімдер. 

0 пікір
Мұрағат