Конго мұсылмандарының қасіреті (фото)
Конго мұсылмандарының қасіреті (фото)
3 жыл бұрын 1645 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қылтасын қиған жоқшылық пе сауатсыздық Конго мұсылмандарын христиан миссионерлерінің алдында дәрменсіз етіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Мұхаммед Шұғайып есімді авторға жөн сілтеген islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде Африка құрлығындағы осынау ел халқының қарасы 77 млн адамды құрап отыр, одардың15%-ы ғана мұсылман. Мұсылмандар негізінен ел астанасы – Киншас қаласында, елдің шығысында орын тепкен Касонго және Кинду,  сондай-ақ,  Маниема, Кибу, Кума, Сик, Масис, Макато Касаи  және Лубумбаши өңірлерінде шоғырланған.Бұл елдің тарихы африкалық өзге елдер тарихына ұқсас, 1908 жылы Белгияның отарына айналады, жергілікті мұсылмандар басқыншылар тарапынан нәсілдік кемсітушілікке ұшырайды, дәлірегі, оларға құлшылық етуіне тыйым салып, балаларын арабша есімдерін ауыстырмайынша мектептерге жолатпады. Бұл шектеу мен кемсітушілік тәуелсіздік алған 1960-шы жылдың маусым айының 30-на дейін жалғасты. Конго – Африка құрлығындағы пайдалы қазба байлығы мол елдердің бірі. Бұдан бөлек, жері де ауыл шаруашылығы үшін құнарлы болып келеді. Алайда, елді жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық пен азаматтық соғыс титықтатып жіберді. Ондаған жылдарға созылған бұл соғыстан бір миллионнан аса адам жер жастанды, тағы бір млн-ы босқынға айналды. Конго халқының 80%-дан астамы кедейлік қамытынан жоғарыда аталған себептерден шыға алмай  отыр. Олардың күндік табысы екі доллардан аспайды әрі өркениет игілігінен қағылған, атап айтқанда, электрге, денсаулық сақтау қызметке, білім алуға қол жеткізе алмай отыр. Тұрмыс тауқымет тартқан конголық мұсылмандардың бсындағы бұл жағдайда христиан миссионерлері өз мақсаттарына пайдаланып отыр. Христиандыққа өткендерін жан-жақты жәрдем көрсетеді. Мұсылман тұрғындары көп Ксингани, Кибу және Лубумбашиде балаларды шоқындырумен шұғылданатын «Karatias» унивеисттетінде білім алуына жол ашады немесе өз жоғарғы оқу орнында білім алу шығынын өтейді. Міне, осындай себептерге байланысты елдегі мұсылмандар қарасы соңғы он жылда 17 млн адамнан 10 млн адамға дейін азайған. Конгодағы мұсылмандардың саяси ықпалы да төмен. Ислами партиялардың ресурстық әлеуеті төмен, елдегі мұсылмандар атынан сөйлейтін биліктегі мұсылмандар саны бір саусақтың санына пара-пар: 500 депутаттың тек бесеуі ғана мұсылман. Министрлер қатарында бірде-бір мұсылман жоқ. Конго – діни институттар қызметі жете ескерілмейтін зайырлы мемлекет. Ел аумағындағы мешіттер саны да өте аз, мәселен, ел астанасында тек екі-ақ мешіт бар. Негізінен ислам сауат ашу курстары мешітте немесе Лебомо, Пуэнт-Нуаре секілді қалалардағы ислами орталықтарды жүргізіледі. Араб елдерінің қаржылай қолдауымен ашылған  әл-Мұстафа және әл-Фатах деп аталатын ислам университеті, Ислам істері жөніндегі жоғарғы кеңес, Конго мұсылмандары қауымдастығы, Конго жастарының мұсылман одағы, Әлеуметтік реформа орталығы, Конго мұсылман әйелдер одағы, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Десе де қаржы тапшылығына байланысты бұл ұйымдардың белсенділігі төмен. Конгода исламның білікті мамандары аз, конголық мұсылмандардың дербес бұқаралық ақпарат құралдары жоқ. Қасиетті Құран мен өзге де діни әдебиеттер жетіспейді.

Education levels are the biggest divide between Christians and Muslims in africa — Quartz Africa

An Orthodox church in Kalemie, the Democratic Republic of the Congo. Editorial credit: Nada B / Shutterstock.com.

0 пікір
Мұрағат