Климат өзгерісіне байланысты күріш шығымы төмендеп келеді
Климат өзгерісіне байланысты күріш шығымы төмендеп келеді
2 жыл бұрын 1082 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Rebecca Noble / Reuters

Көмірқышқыл газының концентрациясының (шоғырлану деңгейі) жоғарылауымен бірге жүретін климаттың өзгеруі кедей елдерде фосфор тапшылығына және астық ьүсімінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұны Монтгомеридегі Оберн университетінің ғалымдары анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Geoscience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта күріш көміртегі диоксидімен өсетін атмосфералық жағдайларды байыту үшін тоғыз және 15 жылға созылатын екі ұзақ мерзімді FACE (ағылшынша: free-air carbon dioxide enrichment – «еркін» ауадағы көмірқышқыл газын байыту) тәжірибесінін жүргізді. Сынақтың алғашқы жылында өзгеріс болмаса да топырақтағы қолда бар фосфор сынақтың соңына қарай 20 пайыздан астамға азайды (15 жылда  26,9 пайызға және 9 жыл ішінде тиісінше 21,0 пайызға кеміген). Фосфор мөлшерінің азаюын топырақта өсімдіктерге әрдайым жете бермейтін органикалық фосфордың пайда болуымен, сонымен қатар, жиын-терін, яғни, егін жинау кезінде оның жойылу процесінің жоғарылауымен түсіндіруге болады. Антропогендік өзгерістер кезінде өсімдіктер оңай жолмен қол жеткізе алатын  биологиялық, биохимиялық және химиялық фосфордың фосфорға айналуының жоғарылауы өз кезегінде көмірқышқыл газының жоғарылауы кезінде пайда болатын тапшылықтың орнын толтыру үшін жеткіліксіз болып шықты.

0 пікір
Мұрағат