Жат төсек қатынасын насихаттағандарға жауапкершілік күшейтіледі
Жат төсек қатынасын насихаттағандарға жауапкершілік күшейтіледі
4 жыл бұрын 3284 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында дәстүрлі емес төсек қатынасын насихаттағандарға жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныс айтылды. Дәлірегі, елде қалыптасқан күрделі демографиялық ахуалға қатысты өткен парламенттік тыңдауға қатысқандар Федералды мәжіліске осындай ұсыныс білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы vesti.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кеше, яғни, наурыз айының 18-і күні РФ мемлекеттік дума қабырғасында коммунистік партияның ұйытқы болуымен  "Демография"​​​ ұлттық жобасын жүзеге асыруға қатысты тыңдау өтті. Міне, осы жиында аталған ұсыныс білдіріліп, «Балаларды дамуы мен денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы» федералды заңға өзгертулер енгізуді талап етті. Осы тұста 2013 жылы РФ президенті Владимир Путиннің балаларға гомосексуалды қатынасты насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойғанын айта кету керек. Аталмыш заңда қарастырылған тыйымдар мен талаптарды бұзған қатардағы қарапайым азаматтарға 5 мың рубл, лауазымды тұлғаларға 50 мың рублге дейін, ал заңды тұлғаларға 1 млн рублге дейін айыппұл салу көзделген еді. Ал мұндай насихатты бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет арқылы насихаттағандарға әлдеқайда қатаң жаза қарастырылады. 

Ұқсас материалдар:

"Сот гомосексуализмді ауру деп таныды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/sot-gomoseksualizmdi-auru-dep-tanydy-14903/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат