Жаңғыртпалы энергия көздеріне құйылатын инвестиция мөлшері мұнай өндірісінің инвестиция мөлшерін асады
Жаңғыртпалы энергия көздеріне құйылатын инвестиция мөлшері мұнай өндірісінің инвестиция мөлшерін асады
1 жыл бұрын 944 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Wolfgang Rattay / Reuters

Халықаралық энергетика агенттігінің  болжамы осындай. Бұл жайында islam.kz порталы reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш агенттік келтірген дерекке қарағанда, дәл қазіргі уақытта энергетика саласына салынған инвестицияның әрбір 1,7 доллары жаңғыртпалы энергия көздеріне бағытталған. Ал осыдан бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 1/1 аратқанысанда болған еді. Болжамға сәйкес биыл жаңғыртпалы энергия көздеріне құйылатын инвестиция мөлшері 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24 пайызға артады. Дәлірегі, 1,7 трлн долларға жетпек. Күллі әлем бойынша. Ал мұнай шикізатын өндіруге кететін шығын азаяды, дәлірегі, жаңғыртпалы энергия көздеріне салынатын инвестиция мөлшеріне шаққанда биыл мұнай саласындағы өсім 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15 пайыздан (1 трлн долар) аспайды. Бұрын Ember тәуелсіз талдау оралығының алға тартқа мәліметі бойынша өткен жылы жаңғыртпалы энергия көздерінің ішінде күн және жел энергиясынан жаһандық энергияның 12 пайызы өндірілген. Мұндай динамика немесе қарқын қазбалы отынға деген сұранысты төмендетіп, қоршаған ортаның ластану деңгейін азайтуға ықпал етпек. Сарапшылардың пікірінше, күн электр стансаларының қуаты әлемдегі ең шапшаң өсім көрсетуде - олар бір жылда 24 пайызға өскен. Дүние жүзіндегі мұндай энергия мөлшері Оңтүстік Африка Республикасын (ОАР) жарықпен және жылумен толық қамтамасыз етуге жетеді. Ember орталығы бүгінде әлемнің 60-тан астам елі энергияның 10 пайыздан астамын жел мен күннен өндіретінін атап өтті. Атом энергиясымен бірге жаңғыртпалы көздер (ЖЭК) жаһандық электр энергиясын өндірудің 39 пайызын құрайды – бұл да рекордтық үлес, дейді сарапшылар. Жаңғыртпалы энергия көздерінен энергия өндіру бойынша кәрі құрлық көш бастап келеді. Мәселен, Португалиядағы электр энергиясының 51%-ы қазіргі уақытта жаңартпалы энергия көздерінен  (күн және жел) алынады. Мұндай зор үлеске Португалия ел тарихында бірінші рет жетті. Өткен жылы аталған елде жаңа күн фотоэлектр қондырғылары орнатылды, бұл қондырғылар күн энергиясын өндіру үлесін екі еседен аса арттырып, шамамен 1 миллион үйді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. 2025 жылы Португалия аумағында күллі Еуропа бойынша ең ірі күн фермасы ашылады. Ал бұл елдегі жел энергетикасына келсек, 2030 жылға қарай бұл жаңғыртпалы энергия көзнен өндірілетін энергия мөлшерін қазіргі деңгейімен салыстырғанда  кем дегенде екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бір мезгілде қазбалы отыннан энергия өндірісі қысқарып келеді – таяуда соңғы көмір электр стансасы жабылды. Еуропа елдерінде жаңғыртпалы энергияны пайдалану Еуропа одағына 2030 жылға қарай атмосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшерін 55%-ға дейін қысқартуға, сондай-ақ, 2050 жылға қарай парниктік газдардың нөлдік деңгейіне жету жөніндегі өршіл мақсатқа қол жеткізуге көмектеседі. Бұл дегеніміз, атммосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшерінің табиғи түрде (ағашқа)толығымен сіңірілетін деңгейде және атмосферада жиналмайтындай етіп азаяды. Europulse  дерек көзі хабарлағандай, өткен жазда Еуропалық Одақта өндірілген күн энергиясының мөлшері рекордтық көрсеткішке жетті – ЕО-да өндірілген жалпы энергияға шаққанда 12,2% болған.

0 пікір
Мұрағат