Жаһандық жоба сәтсіздікке ұшырауда
Жаһандық жоба сәтсіздікке ұшырауда
6 жыл бұрын 4262 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Батыс елдері қытай экспанциясына балаған "Бір жол - бір белдеу" жаһандық экономикалық жоба сәтсіздікке ұшырай бастады. Дәлірегі, түрлі кедергіге байланысты. Халықаралық сауда-саттық пен интеграцияға серпін беруі тиіс жоба тарихи Жібек жолын жаңғыртуы тиіс болатын. Қалай сәтсіздікке ұшарай бастады? Кезінде хабарлағанымыздай, Малайзия билігі аталмыш жоба бойынша өз аумағындағы "үлесі" 23 млрд долларға шарықтап кеткен инфрақұрылымдық жобаны тоқтатуға мәжбүр болған еді. Тым қымбатқа түсетіні болғаны үшін. Оның үстіне, кезінде жазғанымыздай, жобаға қатысты инвестиция тартудағы ашықтықтың болмауы, т.б. факторлар малайлықтардың жобаны тоқтатуға итермемелеген себептердің бірі болды. Бұл жоба, әсіресе, әлемнің әр елінде билік ауысқанда, әсіресе, сайлау секілді саяси науқан басталғанда үлкен талас-тартыс тудыратын тақырыптардың біріне айналып отыр. Осылайша қытайлардың күллі әлемді қамтитын жобасы түрлі кедергіге тап болуда. Мәселен, Африка құрлығының батысында орын тепкен, халқының саны 7 млн-нан  аспайтын, азаматтық соғыстан титықтаған әрі Эбола індетінен әлі ес жимаған шағын Сьерра-Леон елінде наурыз айында сайлау қарсаңында тұтанған дау-дамайдың бірі Қытай тарапы құрылысына құржы құйып отырған жаңа әуежаймен байланысты болды. Бұл мәміле де ақыры сиырқұйымшақтанып, арты сұйылып, қазан айының 5-і күні өз күшін жойды. Сайлауда бүкіл халықтық конгрестің жеңіліс табуымен әрі Юлиуса Маада Бионың президент болып сайлануына байланысты. Жаңа президент қытайлардың бұл жобасын алаяқтық деп таныған еді. Бұдан бөлек, Мальдивте де таяуда өткен сайлау қарсаңындағы науқанда Қытай амбициясына қатысты мәселе көтеріліп, қытайға "бүйрегі бұрып" тұратын ел президенті Абдулла Ямин мен "батыс құндылықтарын жақтайтын" бәсекелесі Ибрагим Мұхаммед Солих арасындағы талас-тартысқа айналған еді. Абдулла Ямин бес жыл бойы билік басында болған кезде Қытай қаржыландыратын 17 жоба бойынша елді қарызға батырып кеткен еді - 1,3 млрд доллар. Бұл аталған елдің жалпы ішкі өнімінің төрттен бірін құрайтын көрсеткіш. Мальдивтің жаңа президенті Қытай "құрған қақпаннан" елін аман алып шыға ала ма? Оны алдағы уақыт көрсетеді. Жалпы алғанда соңғы бірнеше ай ішінде "Бір жол - бір белдеу" жобасын бірнеше ел тоқтатып тастады. Жалпы сомасы шамамен 30 млрд доллар болатын. Егер China Daily ақпарат көзіне сенсек, Қытай басшысы Си Цзиньпин мәлімдегендей, аталған жобаға Қытай тарапы 60 млрд доллардан аса инвестиция тартқан. Оның жартысы айтып отырғанымыздай тоқтатылып отыр - шамамен 30 млрд доллар, инвестицияның 50 пайызына жуығы өз күшін жойды. Тағы бір мысал кетлтіре кетсек, Қытай ри-Ланкіге берген қарызын аталған елдегі Хамбантота айлағын 99 жылға пайдалану келесімімен кешкен болатын. Яғни, аталған елдегі қарызының орнына Хамбантота айлағын 99 жылға пайдалануға алды. Хамбантота – Қытайлардың әлемнің әр түкпіріндегі пайдаланып отырған 42 айлақтардың біреуі ғана. Олардың қаншасы қарыздың орнына пайдаланылып жатқанын ешкім білмейді. Ешкім білмейтін себебі, бұлардың бәрі айналып келгенде "Бір белдеу - бір жол" жобасының бір бөлігі ретінде қарастырылуында жатыр. 

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат