|
Израил келімсектері тірідей өртелген бала суретінің алдында би биледі (ВИДЕО)
|
Құдыс шаһарына қоныстанған ультраоңшыл келімсектердің тірідей өртелген палестиналық баланың суретін іліп қойып, үйлену тойында билегендерін көрсететін видео әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Нақтырақ айтқанда, Құдыс шаһарында Израил келімсектерінің үстіміздегі жылдың шілде айының 31-і күні еврей келімсектері лақтырған қоспасы бар жанғыш заттан отқа оранған үйдің ішінде қалып қойған бір жарым жастағы Әлі Дауабшаның фото-суретінің алдында масайрай билегені қоғамның наразылығын тудырды. Израилдіктер жаулап алған Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблуса елді-мекеніне таяу маңда тұратын палестиналық отбасынан тек тірідей өртеніп кеткен нәрестенің төрт жастағы бауыры Әлі Ахмет қана аман қалған еді. Олардың әкесі де, анасы да денелерін күйік шалып, артынан емханада қаза тапқан болатын. Қылмыскерлер әлі күнге жазаланған жоқ. Тойдағы келімсектердің фото-суретке пышақтарын қадап билегені тек палестиналықтарды ғана емес, сонымен қатар, еврейлерді де ашындырды. Ол ол ма, кейбір тойға келген меймандардың кейбірі қолдарына қарудың түр-түрі мен мазақ қылғандай қоспасы бар шөлмек ұстап алған. Осы оқиғаға байланысты ел премьері Биньямин Нетаньяху Facebook-тағы өзінің парақшасында тойда билегендерді айыптап, олардың ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұл әрекетін сынға алды. Ал оппозиция жетекшісі Ицхак Герцог той қонақтарын «оңбағандар» деп атады. «Үйлену тойында баланың өлімін мерекелеп билегендер, сендер еврей емесссіңдер, сендер израилдік емессіңдер. Сендерді аластау керек», - деп ашына үн қатты.