Израиль жерасты дуалын тұрғыза бастады (видео)
Израиль жерасты дуалын тұрғыза бастады (видео)
8 жыл бұрын 2501 24.kz

Израиль билігі Газа секторымен арадағы шекара бойына ор қазып, оны бетонмен бітеп тастамақ. Осылайша еврей елінің аумағына өтуді көздейтін палестиналықтардың жолы кесіледі. Құрылыстың басталғанына бірнеше апта болған. Монолитті жерасты қорғанының ұзындығы 70 шақырымға, ал тереңдігі ондаған метрге жетеді. Бұл жұмыс бірнеше жылға созылуы мүмкін. Бүгінде Израиль мен Газа секторының арасын бейнебақылау камералары тікенек сымдар мен күзет мұнаралары орнатылған үлкен қоршау бөліп тұр. 2014 жылғы екіжақты қақтығыс кезінде «ХАМАС» палестиналық қозғалысының мүшелері Израиль аумағына туннельдер арқылы бірнеше рет өтіп кеткен еді. Сондықтан еврей билігі жасанды жерасты жолдарын ел үшін стратегиялық қауіп деп біледі. Ал «ХАМАС» ұйымының өкілдері Израиль шекераны қанша жерден бітесе де, палестиналықтардың қарсылығын тоқтата алмайды деп мәлімдеген.

0 пікір
Мұрағат