Имамдардың алдына зайырлы білім алуды да мақсат етіп қойды
Имамдардың алдына зайырлы білім алуды да мақсат етіп қойды
7 жыл бұрын 2419 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2014 жылы Қырғызстанның қорғаныс кеңесінің талап етуімен қабылданған "Діни саладағы тұжырымдамаға" сәйкес аталған елдің имамдарына зайырлы білім алу міндеті жүктелген болатын. Осы талапқа байланысты 2015 жылы ІТ-технология, мәдениет, риторика, құқық, саясат, сондай-ақ, қасиетті Құран мен хадистерді зерделеуге бағытталған біліктілікті арттыру курсы өткізіліп келеді. Ресми емес дерек көздері бойынша Алатаудың арғы жағындағы айыр қалпақты ағайындардың 2,7 мың молдасының тек 15%-ның ғана жоғары білімі бар болып шықты, ал елу пайызы - орташа білімді. "Иман" рухани-мәдени даму қорының төрағасы Нұржігіт Қадырбековтың келтірген мәліметіне қарағанда, мұсылмандар діни басқармасының ресми өкілдері дінтанудан бөлек,  құқық, педагогика салалары бойынша білім алуға көбірек ден қойып отыр. Өйткені, заң талаптары ескерілетін зайырлы қоғамға тән құқықты және адам тәрбиесімен байланысты дінге жақын педагогиканы білдудің маңызы зор. 

0 пікір
Мұрағат