Имам мен оның отбасы мүшелерін өлтіріп кетті
Имам мен оның отбасы мүшелерін өлтіріп кетті
8 жыл бұрын 5506 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Vanguard Nigeria мерзімді басылымының хабарлауынша, Нигерияда аса қатыгездігімен танылған қылмыс орын алған. Тарқатып айтқанда, Иджебу-Ода қаласында Жүсіп Амзат Сәлем есімді 35 жастағы имам әрі шейх пен оның әйелін және төрт баласын өлтіріп кеткен. Дәлірегі, имам мен оның әйелінен басқа 11 жастағы қызы, 8 жастағы егіз ұлдары және 2 жастағы нәрестені шіміркпей пышақтап өлтіріп кеткен. Қазіргі уақытта полиция қаныпезер қылмыскерді іздестіріп жатыр. Қылмыскердің аты-жөні, тұр-тұлғасы, тұрғылықты жері және мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Ал елдің сөзіне қарағанда, Нигерияда мұсылмандарға христиан радикалдары жаулық көзқараста, тіпті, христиан содырларының мұсылмандарды жаппай қырып жатқанын да хабарлаған едік. Ал марқұм имамды танитындардың айтуынша, имам сабырлы әрі мейірімді жан болған. 

0 пікір
Мұрағат