Еуропалық Одақ алғаш рет газдан гөрі күн мен желден көбірек энергия алуға қол жеткізді
Еуропалық Одақ алғаш рет газдан гөрі күн мен желден көбірек энергия алуға қол жеткізді
2 жыл бұрын 1417 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы ЕО елдері алғаш рет табиғи газдан гөрі жаңғыртпалы энергия көздерінен көбірек энергия алуға қол жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ember талдау-сараптама орталығы келтірген дерекке жөн сілтеген Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағ әсіресе, ЕО құрамындағы елдер арасында Германия көш басынан көрінген. Ember есебіне сәйкес ЕО күн мен желден энергиясы шамамен 22% энергия өндірген екен, ал газдан өндірілген энергия мөлшері 20%-дан аспаған. ЕО елдері 2022 жылы сағатына 203 тераватт (ТВт/сағ) күн энергиясын өндірді, бұл көрсеткіш  өткен жылмен салыстырғанда сағатына 39 ТВт-қа немесе 24%-ға көп. Бұл жайт өз кезегінде газ сатып алуға кететін шығынды, дәлірегі, шамамен 10 миллиард еуро үнемдеуге мүмкіндік берген. Жел энергиясы ЕО-ға сағатына 420 ТВт энергия берген, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда сағатына 33 ТВт-қа артық. Германия 2022 жылы ЕО-да жаңғыртпалы көздерден ең көп энергия алуға қол жеткізген – желден сағатына 126 ТВт және күннен сағатына 59 ТВт энергия өндірген. Дегенмен, кейбір ЕО елдерінің жалпы энергетикалық балансындағы «жасыл» энергияның үлесі жоғары. Атап айтқанда, күн энергиясы Нидерландыда жалпы электр энергиясының 14 пайызын және Греция мен Венгрияның әрқайсысында 13 пайызын қамтамасыз етеді. Германияда бұл көрсеткіш небәрі 10 пайызды құрайды. Жел энергиясына келетін болсақ, ол Дания өндірісінің 50 пайыздан астамын, Литваның 40 пайызын және Ирландияны шамамен 35 пайызын қамтамасыз етеді. Германияда жел энергиясының үлесі шамамен 20 пайызды құрайды.

0 пікір
Мұрағат