Этникалық азшылықты құрайтын мұсылмандар саясаттың да, қылмыстың да құралына, құрбанына айналып отыр
Этникалық азшылықты құрайтын мұсылмандар саясаттың да, қылмыстың да құралына, құрбанына айналып отыр
3 жыл бұрын 2103 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шыңжандағы ұйғырлар Қытайдағы азшылықты құрайтындықтан қытайландыру саясаты, ал Сербиядағы 90-шы жылдары орын алған босниялық мұсылмандар геноциді, Мьянмадағы (Бирмадағы) рохиниалық мұсылмандардың қуғын-сүргінге, зорлық-зомбылыққа ұшырауы, палестиналық мұсылмандардың өз жерінен айырылуы, кәрі құрлықтағы және АҚШ-тағы исламофобия... осылай тізіліп кете береді. Дәлірегі, әлемдегі азшылықты құрайтын мұсылмандар ашықтан ашық саяси науқан мен қылмыс әлемінің құралы мен құрбанына айналуда. Таяуда үнді полициясы адам саудасы бойынша алты адамды тұтқындады. Бұл жайында islam.kz порталы The Indian Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қолына кісен салынғандар адам саудасымен айналысатын синдикат мүшелері, олар осы елге босып келген, артында іздеушісі жоқ рохиниалық мұсылмандарды құлдыққа сатып келген. Синдикат желісі шекаралас Батыс Бенгалия, Ассам шттатарында жұмыс істеген, рохиниалық мұсылмандар босқан бағытта жұмыс істеген. Рохиниалық мұсылмандарды әлемде ең қатты қуған-сүргін көрген этникалық азшылық ретінде бағалаған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымы. 2017 жылы будда радикалдарының зорлық-зомбылығынан мыңдаған рохиналық мұсылман Үндістанмен және Бангладешпен шекаралас аудандарға қоныс аударған еді.

0 пікір
Мұрағат