Экономикасы шатқаяқтаған Пәкістан айлақ терминалын араб еліне жалға берді
Экономикасы шатқаяқтаған Пәкістан айлақ терминалын араб еліне жалға берді
1 жыл бұрын 1211 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Экономикасы әбден шатқаяқтаған Пәкістан Қараши айлағының терминалын Біріккен Араб Әмірліктеріне жалға беруге мәжбүр болды. Бұл жайында islam.kz порталы The Express Tribune мерзімді басылымның сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты Кіріс және қаржы министрі Ысқақ Дар бастаған министрлер кеңесінің комитеті БАӘ-мен коммерциялық келісім жасасты. Аталған мәміле бойынша Қарашы портының терминалдары Әбу-Даби порттары тобына (AD Ports Group) 25 жылға жалға берілді. Бұл мерзім тараптардың келісімі бойынша тағы 25 жылға ұзартылуы мүмкін. AD Ports Group келісімді бекіту процесі аяқталғаннан кейін 45 жұмыс күні ішінде Пәкістанға $50 миллион аванс төлейді. Бұл ретте БАӘ-ден келген компания бес жыл ішінде 102 миллион доллар инвестиция құяды. Пәкістан контейнерлердің шаршы метрі үшін жылына 1100 рупий (96,45 лира) алым алады. Қарашы Пәкісстанның ең үлкен айлағы, барлық жүк тасымалының 60 пайызы осы айлаққа тиесілі. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл мәміле Пәкістанда өткен жылы қабылданған заң бойынша тендерсіз шұғыл қаржыландыруды қарастыратын алғашқы мәміле. 

0 пікір
Мұрағат