Башар Асад режимінің құлауы Таяу Шығысты өзгертуі мүмкін
Башар Асад режимінің құлауы Таяу Шығысты өзгертуі мүмкін
4 күн бұрын 373 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Табаны күректей 14 жылға созылған соғыстан соң Башар Асад билігі күйреді. Тынышы қашқан Таяу Шығыстағы ең ірі саяси оқиға орын алды. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Осылайша тоғыз жолдың торабында орналасқан (шығысында стратегиялық тұрғыдан маңызды Жеорорта теңізімен және бес елмен шектескен) Сириядағы азшылықты құрайтын алауиттер билігінің дәуірі аяқталды. Көне Шам өлкесінің бір пұшпағындағы саяси тұрақсыздық аймақты сын-қатердің тағы бір белесіне бастады. Башар Асад режимінің құлауы Ресейдің, Иранның аймақтағы мүддесіне орасан зор соққы болып тиді. Тарқатып айтсақ, Латакия мен Тартус елді-мекендерінің (аймақтағы ірі айлақтар) маңындағы Ресейдің әскери-теңіз базасының «тағдыры» шешілуі мүмкін. Ал Иран қару-жарақ тасымалдауға арналған логистикалық орталықтан айырылуы ықтимал. Осы орайда алауиттердің ең алдымен этникалық топтың өкілдері ретінде емес, діни ағым ретінде алға шығатынын айта кетпекпіз. 1966 жылы Хафез Асадтың төңкерісінен кейін 58 жыл бойы билік құрған алауиттер өздерін исламмен байланыстырған, парсы тармағының эзотерикалық тармағы ретінде қарауға болатын синкреттік дін. Былайша айтқанда, сектаның атауы, түп-төркіні шиғалық танымда жатыр.

0 пікір
Мұрағат