Азиялық балалардың 80%-ның көру қабілеті нашарлаған
Азиялық балалардың 80%-ның көру қабілеті нашарлаған
5 жыл бұрын 2689 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Смартфонды жиі пайдаланудан Азиядағы балалардың көру қабілеті нашарлаған. Бұл жайында Sindonews ақпарат көзі хабар таратты. Сарапшылардың есебінше, Азия құрлығындағы әрбір бесінші баланың жанары жасық, яғни, соқырлыққа апарып соқтыратын көз ауруына ұшыраған. Австралияның ұлттық университетінің профессоры Йен Морганның айтуынша, Азиядағы алыстан көрмейтін, яғни, сығыр балалардың қарасы шамамен 20−30%-ды құрайды. Еуропадағы көрсеткішпен деңгейлес. Таяуда осы бағытта жүргізілген арнайы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сығырлықтан көбінесе оңтүстік-шығыс Азия елдері, атап айтқанда, Сингапур, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея балалары зардап шегеді. Мәселен, Сингапурде бұл көрсеткіш 80%-ға жетсе, Қытайда 31%, ал Малайзияда — 41%, таңғы шық елінде — 64,6% және күншығыс елінде —  25,6%.  

0 пікір
Мұрағат