Австралиялық ғалымдар коронавирус жұқтырған адамды дәрісіз емдеді
Австралиялық ғалымдар коронавирус жұқтырған адамды дәрісіз емдеді
5 жыл бұрын 1971

Австралиялық ғалымдар СОVID-19 коронавирустық инфекциясынан дәрі - дәрмексіз емдеудің жолын тапты. 

Оның жалғыз бірақ маңызды шарты –  күшті иммунитет деп атады. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі Shraibikus News сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Австралиялық дәрігерлер коронавирус симптомдарымен ауруханаға жатқызылған әйелді бақылайды. Мамандар әйелде бұрын-сонды созылмалы аурулар мен зиянды әдеттер болмағанын байқайды. Медицина қызметкерлері науқасқа  дәрі-дәрмектер мен вирусқа қарсы препараттарды тағайындамай,  иммундық жүйенің өз бетінше күресуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде 14 күннен соң науқас індеттен толық жазылып, ауруханадан шығарылған. 

Осы зерттеуден әрбір адам өзіне белгілі бір қорытынды жасауы керек. Жұқтырудан сақтану ғана емес, сонымен қатар, иммундық жүйені күшейтіп,  дұрыс әрі пайдалы тамақтану қажет.

Иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңуі мүмкін – зерттеу

Зерттеу нәтижелері Nature Medicine журналында жарияланды.

Мельбурн университетінің ғалымдары иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирустық инфекцияны өз бетінше жеңе алады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды ernur.kz порталы Хабар24 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Зерттеу нысаны ретінде Австралияға келген Қытайдың Ухань қаласының 47 жастағы тұрғыны алынды. Кейін әйел адам коронавирустың белгілері – әлсіздік, ентігу, құрғақ жөтел және қызудың көтерілуімен ауруханаға түскен. Науқаста оған дейін патологиялық аурулар мен жаман әдеттер болмаған. Ауруханада науқасқа антибиотиктер немесе вирусқа қарсы препараттар берілмеді. Дәрігерлердің қабылдаған жалғыз шарасы ағзадағы су балансын сақтау үшін тамырға сұйықтық енгізу болды. Нәтижесінде науқас екі аптадан кейін толық жызылып кетті. Одан алынған қан талдауының нәтижелері иммундық жүйенің жасушаларының өсуін көрсетті, бұл организмнің әдеттегі маусымдық тұмауға қарсы реакциясы.

0 пікір
Мұрағат