Археология: Жер астынан ежелгі қала табылды
Археология: Жер астынан ежелгі қала табылды
10 жыл бұрын 4924

Түркияның Каппадоки орталық ауданынан археологтар ежелгі қаланың орнын тапты. Жергілікті тұрғындар мыңдаған жылдар бойы жанартаудың жұмсақ қыртысын үңгіп баспана жасаған. 1963 жылы мұнда біздің дәуірімізге дейінгі II-I мыңжылдықта тұрғызылған жерасты Деринкүй қаласы аршылған болатын. Көне заманда бұл қаланы мал-жанымен жиырма мың адамға дейін мекендеген. Бұл жайында RT телеарнасы National Geographic-ке сілтеме жасай отырып хабар таратты. Қала ішінде ауа өткізетін шахта, су арнасы, шіркеу болған. Геофизиктердің пайымдауынша, жерасты қаласының ауданы 46 гектарға жетеді. Ал оның тоннелі 100 метрден асатын тереңдікке дейін жер астына кеткен. «Қандай да бір қауіп төнгенде каппадокиліктер мал-жанымен жер астына жасырынып, есік аузын домалақ тастармен жауып тастаған. Қауіп сейілгенше сол арадан шықпаған», - деді ғалымдар. Бұл қала византиялық кезеңге тән қамалдың астынан табылған. Құрылысшылар жұпыны аудандарды сүру кезінде табылған екен. Қазба жұмыстары кезінде тастан қашалған айшықтар, қыш ыдыстар табылған.

0 пікір
Мұрағат