Араб еліндегі шетелдіктердің үштен бірінен көбісі қарттық шағын осы елде өткізгісі келеді
|
Біріккен Араб Әмірлігіндегі резиденттердің (осы елде жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар) үштен бірінен көбісі (37%) осы елде түпкілікті қалып, осы елде зейнетке шығуды қалайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде National Bonds компаниясының бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда аталған араб елі аумағындағы шетелдіктер алтын виза немесе зейнетақы жүйесі арқылы осы елде ұзақ уақытқа қала алады. Бұл бағыттағы сауалнамаға 2000-нан аса адам қатысқан екен, олардың 8%-ы ғана осы елдегі жұмысын аяқтаған соң отанына оралғысы келген. Сөз орайы келгенде 2022 жылдың шілде айының 1-нен бастап, Дубайда мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар үшін жинақтаушы зейнетақы қоры құрылғанын айта кету керек. Бұл жобаны Дубайдағы халықаралық қаржы орталығы (DIFC) жүзеге асырады. Аталмыш шара шетедіктердің зейнетке шыққан соң осы елде қалуына мүмкіндік бермек.