Араб елінде бұрын-соңды болмаған аса ірі құқықтық реформа жүргізіледі
Араб елінде бұрын-соңды болмаған аса ірі құқықтық реформа жүргізіледі
3 жыл бұрын 1190 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі бизнесті қорғайтын, әйелдер құқығын кеңейтетін әрі бірқатар тыйымдардың күшін жоятын заңнамалық өзгертулер енгізуді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Times of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, 2022 жылдың қаңтар айында 40-тан аса заң мен түзетулер қабылданады. Осылайша ел тарихында тұңғыш рет аса ірі құқықтық реформа жүзеге асырылмақ. Коммерция, сауда-саттық, жеке бас қауіпсіздігі, есірткі, интернеттегі қауіпсіздік, резиденттік, түрлі экономикалық мәселелер бойынша жүргізілетін құқықтық реформаның мақсаты уақыт талабын ескере отырып, заман ағымына ілесуге саяды. Осылайша елдің таяу болашақта және ұзақ мерзімді стратегияда дамудың жаңа белесіне аяқ басуға қам-қарекет жасалмақ. Көп ұзамай қабылдануы тиіс заңдардың бірсыпырасы инвестициялық ахуалды жақсартуға, компаниялардың мүддесін ескеруге, қысқасы, отандық экономиканың дамуына жағдай жасауға бағытталған. Хабарламада айтылғандай, бұл бағытта 50 федералды және жергілікті билік органдарынан 540 сарапшыдан жасақталған топ соңғы 5 айда тізе қосып жұмыс істеген. Сарапшылар 100-ден аса жекеменшік сектордағы ұйымдармен кеңес өткізген. 

Ұқсас материал:

«Араб елінде мұсылман еместерге зайырлы жолмен некелесуге, ажырасуға рұқсат етілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-elinde-musylman-emesterge-zaiyrly-jolmen-nekelesuge-ajyrasuga-ruqsat-etildi-16009/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат