Араб елі Гренландияның арктикалық мұзын сатып ала бастады
Араб елі Гренландияның арктикалық мұзын сатып ала бастады
12 ай бұрын 2643 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: goinyk

Гренланд кәсіпкері өзгеше бизнес жобасын жүзеге асыра бастады, дәлірегі, ол арктикалық мұзды қымбат тұратын сусын әзірленетін Біріккен Араб Әмірлігіне сатуға кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәлік Уәли Расмуссеннің «Арктикалық мұз» деп аталатын компаниясы 2022 жылы құрылған. Алайда, алғашқы мұз кесектері аталған араб еліне енді жеткізіле бастаған. Мұз кесектері Гренландияның сілемдерінен жиналады. Содан соң сатуға Дубайға жөнелтіледі. Гренландияның өзінде мұздақ мұзы қалыпты құбылыс болғанымен оны ешуақытта ешқайда экспорттамаған еді. Осылайша араб елі мұндай айрықша тауарды импорттаған алғашқы ел атанып отыр. Мұздақтан алынатын мұздың артықшылығы неде? Ол бірнеше мыңдаған жылдар бойы тығыздалғандықтан онда ауа көпіршіктері болмайды. Арктикалық мұз кәдімгі мұзға қарағанда әлдеқайда баяу ериді. Еуропалық кәсіпкер өз тауарын әлемдегі ең таза су санайды. Өйткені, арктикалық мұз адам әрекетінен ешуақытта ластанған емес.

0 пікір
Мұрағат