АҚШ мұсылмандарының ислам имиджіне қатысты тың бастамасы
|
Америка-ислам қатынасы жөніндегі кеңес (CAIR) ислам жайлы қалыптасқан жаңсақ ұғымдар мен жат әдеттерге тойтарыс беру мақсатында стартегиялық маңызы зор жобаны қолға алмақшы. Нақтырақ айтқанда, журналистика, саясат, заң және қоғаммен байланыс саласында маман тапшылығына байланысты мұсылман жастарына жұмыс тауып беру арқылы осы елде ислам имиджін көтеруді көздеп отыр. Қоғам назарын тез аударатын салаларда мұсылман жастарын шоғырландыру арқылы мақсаттарына қол жеткізбекші. Бұл жоба осыдан 4 жыл бұрын CAIR-дің қолдауымен әрі бастамасымен қабылданған Мұсылман жастарынан көшбасшыларды даярлау бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Осы мақсатта аталмыш ұйымның жетекшілері алдыңғы қатарлы заң фирмаларының, жарнама агенттіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, сондай-ақ, саясаткерлермен, құқық қорғаушылармен кездесуді жоспарлап отыр.