Әлем бойынша некеге тұру деңгейі төмендеуде
Әлем бойынша некеге тұру деңгейі төмендеуде
9 күн бұрын 361 kaz.zakon.kz 24.kz
Еліміздегі жастар шаңырақ көтеру мәселесінде салқынқандық танытуда. Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда 140 мыңға жуық неке тіркелсе, 2024 жылы тек 123 мың тіркелген. Zakon.kz тілшісі жастардың бұл қадамға баруға неліктен асықпайтындығын зерттеп көрді.

Редакция бұл тақырыпты бірінші рет көтеріп отырған жоқ. Мәселен, 2023 жылы "жүзік таққан" жұптардың саны тағы да төмендеген – алдыңғы жылғы деректермен салыстырғанда 3%-ға, ал 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда – 30%-ға.

Психологтардың пайымдауынша, біріншіден, неке ел алдында тартымды бола түсті – ата-бабаларымен салыстырғанда әлдеқайда еркін және қаржылық тәуелсіз, екіншіден, қазіргі жастарда шаңырақ көтеру, баланың дүниеге келуі тұрғысынан азды-көпті түсінік бар, бұл әрине туу көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі, алайда олардың жақсы жағдайда өсуіне мүмкіндік береді.

Бұл арада экономистер ақшаның да маңызды рөл алып отырғанын айтады.

"Мәселен, 2020 жылы қазақстандықтар табысының 49%-ын тек азық-түлікке жұмсаған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 50%-дан асты. Жалпы айтқанда, отбасы институтына қатты соққы 2022 жылғы инфляцияда болды. Бұл ретте, ажырасу саны да азаймай тұр. Некелердің үштен бір бөлігі бір жылға дейін жетпей жатады. Осылайша, бала туу деңгейі де біртіндеп төмендейді – бізде қазірге оң көрсеткіш, бірақ өсім негізінен жастар тарапынан емес, балалары бар отбасылар тарапынан болып отыр. Босанған әйелдердің орташа жасы да өсуде, неке жасы да өсуде".Арман Бейсембаев

Ресей

"Комсомольская правда" дерегінше, 2024 жылдың бірінші жартысында "көршілерде" 10 некенің жетеуі бұзылған.

Демография үшін күресте билік шаралар қабылдағанымен, нәтиже болмай отыр. Олар бұған психологтарды кінәлауда. Биліктің айыптауынша, олар адамдарды бір-біріне қарсы қояды, артынша әйелдерге білім алу мен мансап құрудан бас тартуды насихаттайды, осыған байланысты көп қыздар мектептен кейін бірден ұрпақ жалғастыруға назар аударады.

Қытай

Financial Times жазуынша, мұндағы халық үш негізгі тенденцияға тап болды: қартаю, туудың төмендігі және некенің төмендігі. Үкімет қаржы бөліп, туу көрсеткішін ұлғайтуға тырысуда. Сондай-ақ, босанудың денсаулыққа пайдасы туралы идеяны насихаттауда.

Жапония

SCMP мәліметтері бойынша, жапондықтардың оннан бір бөлігі 80 жастан асқан.

"Үкімет көптеген жылдар бойы жас жұбайларды балалы болуға немесе отбасыларын көбейтуге ынталандыру жолдарын іздестіруде, бірақ бұл нәтиже бермейтін сияқты. Барлық дамыған елдерде балалы болу өте қымбатқа түседі, сондықтан бұл мәселе тек Жапонияға ғана тән емес", – деді Хоккайдо Денсаулық сақтау университетінің инфекциялық бақылау кафедрасының профессоры Йоко Цукамото. 

Сурет Ботагөз Ақиқат
Ботагөз Ақиқат
 
Қытай жастары балалы болуға құлықсыз
Қытайда демографиялық жағдай ушығып барады, деп хабарлайды 24KZ.
Елде бала туу көрсеткіші төмендеп, қоғамда кәрі адамдар көбейіп кеткен. Ал жастар балалы болуға құлықсыз. Бір кездері қолдан бұзылған табиғи тепе-теңдік қайта қалыпқа келмей жатыр. Қытай үкіметі бала санын көбейту үшін түрлі амалдарға баруға мәжбүр. Демографиялық тепе-теңдіктің бұзылуына 1980 жылдары қабылданған «Бір отбасыға бір бала» саясатының кесірі тиген. Сол кезеңде қабылданған шешім жарты ғасыр ішінде кейінгі ұрпақтың «қанына сіңіп» кеткен. Қазір олар сәби сүюге асықпайды. Тіпті, қажетсінбейді де. Енді ел үкіметі бала тууға үгіттеу үшін қаржылай сыйақы тағайындап жатыр.
Чжан Хунминь, денсаулық сақтау, отбасы және қарт адамдар департаментінің директоры: - Әр туған нәрестеге жәрдемақы төленеді. Көлемі отбасындағы бала санына байланысты. Ақпараттық жүйе мәліметіне сай бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 500-ге тарта отбасы өтінім қалдырған. Алдымен тексеріс жүргізіледі. Алғашқы төлем шілде айынан басталады.
Бұл алғаш болып Ішкі Моңғолия автономдық ауданында жүзеге асырылып отыр. Енді нәрестелі болған жұптарға 700 мың теңге көлемінде бірреттік субсидия төленеді. Екінші балаға жәрдемақы 5 жасқа толғанша беріледі. Ал үшінші баланы өмірге әкелсе 10 жасқа дейін жылына бір рет 700 мың теңгеден ала алады.
Хань Дань, Хух-Хото қаласының тұрғыны:              - Сәбиімді осы айда босандым. Үкіметтің бала тууға қатысты жаңа саясаты туралы естігенде отбасымызбен қуанып қалдық. Сыйақыны алғашқылардың бірі болып аламыз.  
Су Хуэй, Хух-Хото қаласының тұрғыны: - Біз екінші баламызды күтіп отырмыз. Бұл жас аналарға демеу болады. Әсіресе, жұмыссыз отыратын кезеңде үлкен көмек. Жаңа бастама бала күтіп жүрген отбасыларын қуантары анық. 
Бірақ, жәрдемақы көлемі қала мен ауылдағы өмірсүру деңгейіне байланысты әртүрлі болмақ. Сондықтан Қытай сарапшылары осы теңсіздікті алдын ала реттеуді ұсынып отыр. Дер кезінде жүйеленбесе, елді мекендердегі халық көп мөлшерде жәрдемақы алу мақсатында ірі шаһарларға қарай жаппай көшуі мүмкін.
Тянь Сюань, Цинхуа университеті қаржылық зерттеу ұлттық институтының деканы: - Қазір барлық провинциялар осы жаңалықты енгізуді қарастырып жатыр. Ең бастысы мемлекеттік қолдау қалалы жерде ғана емес, ауыл халқына да қолжетімді болуы тиіс. Ауыл мен қаладағы әлеуметтік жағдай әртүрлі. Сондықтан субсидия аймақтардың ерекшелігіне қарай үлестірілуі керек.
Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық комиссиясының дерегіне сәйкес бүгінгі күні елдің 23 провинциясы жаңа жүйені енгізуге кірісті. Нәтижесін уақыт көрсетеді. Қазір Қытайдың халық саны 1 миллиард 400 миллионнан асады. Былтыр елдегі жасы 60-тан асқан адамдардың саны 300 миллионнан төмен болған. Биыл 310 миллионға жетті. Бұл зейнетақы қорының сарқылуы, жұмыс істеуге қабілетті адам санының азаюы, бала туу көрсеткішінің төмендеуі сияқты күрделі демографиялық дағдарыс тудырып отыр.
Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын


0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4