Әжетхана қағазындағы құндылықтар қайшылығы
Әжетхана қағазындағы құндылықтар қайшылығы
6 жыл бұрын 4765 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы әжетхана қағазы тонналап канализация құбырына тасталуда. Мұның өз кезегінде экологияға тигізер зияны орасан. Süddeutsche Zeitung неміс басылымы интимдік гигиенаның жаңа түрін ойлап табуға шақырған екен. Неміс қоғамын. Германияда орта статистикалық отбасы жылына 93 рулон қағазды пайдаланады екен. Енді есептеңіз: өндірушілер әжетхана қағазының шикізаты үшін осы мақсатта кесілген ағаштарды пайдаланады. Бір тонна қағаз алу үшін 5 тонна ағаш кесіледі. Жылына әлем бойынша 125 млн ағаш оталады екен. Ал бір ағаштың өсуіне (ағаштың барлық түрлері мен тұқымына қарай) жалпы орта есеппен алғанда 20-30 жыл кетеді. Бұдан бөлек, ағаш әжетхана қағазына айналуы үшін қаншама өндіріс сатысынан өтеді. Шығыны өте көп. Яғни, тиімсіз. Өз-өзін ақтамайды. Ал экономикасы кенжелеп қалған елдер мен мұсылман мемлекеттерде әжетхана қағазы көп пайдаланылмайды. Дамыған елдерге қарағанда. Бұл мақсатта тазалық үшін су қолданылады. Аталмыш неміс ақпарат көзі осылай дей келе ел тұрғындарына әжетхана қағазының орнына су құйылатын ыдыстарды қоюды ұсыныпты. Алайда, бұл ұсыныс неміс қоғамы тарапынан наразылық тудыруда. Өйткені, дамыған елдің тұрғындары үйреншікті әрі ыңғайлы өркениет игілігінен бас тартқысы келмейді. Яғни, өздері дамымай қалған үшінші елдер санайтын халықтың құндылығына мұрын шүйіре қарайды. Десе де қағазға қарағанда суды пайдалану әлдеқайда тазалыққа жататынын біліп тұрып, қалыптасқан дағдыдан арылғысы келмейді.

0 пікір
Мұрағат