Африка мен Азияның кейбір аймақтары аптап ыстықтан өмір сүруге жарамсыз болады
Африка мен Азияның кейбір аймақтары аптап ыстықтан өмір сүруге жарамсыз болады
5 ай бұрын 972 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: vetre

Бірнеше жылдан кейін Африка құрлығының батысы мен Азияның оңтүстігі адам өміріне қауіпті аймақтарға айналады. Америкалық Пурдю университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келген. Бұл жайында islam.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар бұл бағыттағы зерттеуді климаттың өзгерсінің моделіне және мәліметтері негізінде жүргізді. Ғалымдар температура мен ылғалдылықтың бірте-бірте жоғарылауынан әлемнің кейбір аймақтарының адамзат үшін қауіпті әрі тіршілікке қолайсыз өңірлерге айналатынын алға тартып отыр. Дәлірегі, жоғарыда аталған аймақтардың қатерлі өлкелерге айналуының ең басты себебіне халықтың тығыз орналасуын жатқызып отыр. Бұл аймақтарда, тіпті, түнгі температура да қолайсыз деңгейден түспейтіндіктен адам организімінің қалпына келу процесін тежейтін болады. Соның ішінде жүрек-қан тамыр аурулары өршиді. Алексей Кокорин есімді ресейлік климатолог климат дағдарысының ең нашар сценарийі бойынша 21 ғасырдың соңына қарай шамамен үш миллиард адам, яғни, планета халқының 30 пайызы тұрғылықты жерін өзгертуге мәжбүр болатынын мәлімдеген еді. Десе де планета халқының бір бөлігі ауыз су тапшылығына байланысты туған жерлерін тастап кетуге, яғни, өзге өңірлерге қоныс аударуға мәжбүр болады.

0 пікір
Мұрағат