«Адамзат артық киім сатып алмауы тиіс»
«Адамзат артық киім сатып алмауы тиіс»
3 жыл бұрын 1770 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Экологтер адамзатты арандап қалмасы үшін артық ким сатып алмауға үндеп жүр. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, тұтынушылар өздерінің жаңа заттар мен бұйымдарды, соның ішінде киім-кешек те бар, тұтыну деңгейін 75 пайызға дейін кемітуі тиіс. Әрбір тұтынушы ұзақ уақыт киюге жарайтын, яғни, көпке дейін тозбайтын киім сатып алуы керек. Мұндай әдеттің өзі жылдан жылға қарқын алып келе жатқан жаһандық жылынуды тежеуге көмектеседі. Осы орайда адамзат сән қуу секілді басы артық әдеттерден арылудан бастап, күнделікті киіп жүрген киімінің жарамдылық мерзімін ұзарту жолдарын да қарастыруы қажет, мәселен, жыртылып қалған жерін тігіп немесе жамап киюді әдетіне айналдыруы тиіс. Бұл тарапта сарапшылардың дерегін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: соңғы 15 жыл ішінде киім өндрсі екі есеге артқан әлем бойынша. Алайда, оны тұтыну (жарамдылық мерзімі) мерзімі 40 пайызға дейін төмендеп кеткен. Әлемге әйгілі H&M және Zara брендтері 2022 жылдың бас кезінен бері шамамен 11 мыңң сән үлгісін шығарыпты. Өнімін өткізу үшін. Дәлірегі, пайда үшін. Ал Shein деп аталатын тағы бір бренд 315 киім сән үлгісін жұртшылық назарына ұсынған. Мұндай маркетингтік шаралар мен науқандардың қоршаған ортаға келтірер залалы әлі зерттелу үстінде. 

Ұқсас материал:

«Қытай тағы бір еңсерілуі қиын елеулі проблемаға кез болды» (https://islam.kz/kk/news/qazaqstan/qytai-tagy-bir-enserilui-qiyn-eleuli-problemaga-kez-boldy-14295/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат