7 жылда Қытайдың оңтүстігінен солтүстігіне қанша текше метр су айдалды
7 жылда Қытайдың оңтүстігінен солтүстігіне қанша текше метр су айдалды
3 жыл бұрын 2071 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың оңтүстігіндегі аса ірі өзеннен құрғақшылық жайлаған елдің солтүстік аймағына 50 млрд текше метр су айдалған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш мегажобаға жауапты компанияға жөн сілтеген Xinhua News Agency ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш мегажоба өз кезегінде 140 млн адамды сумен қамтамасыз етіп, солтүстік өңірдің экономикалық дамуына, соның ішінде 40-тан аса қаланың өркендеуіне, өнеркәсібі мен әлеуметтік дамуына серпін берген. Тек экономикалық жағынан пайдасын тигізіп қоймай, сонымен қатар, солтүстік өлкесінің экологиясын айтарлықтай жақсартқан. Аталған елдің оңтүстігінен солтүстігіне су айдау жобасының үш бағыты бар. Елдің астанасын сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайтын, 2014 жылдың желтоқсан айында іске қосылған ортаңғы бағыты Қытайдың орталығында орын тепкен Хубэй проыинциясындағы Данжианкоу су қоймасынан бастау алады. Ал шығыс бағыты 2013 жылдың қараша айынан бері іске қосылған – Қытайдың шығысындағы Жиансу провинциясынан Тианжин жәнне Шандун аудандарын сумен қамтамасыз етіп келеді. Батыс бағытына келсек, әлі жобалау кезеңінде тұр.

0 пікір
Мұрағат