25 мың адам тірідей «көмілген»...
25 мың адам тірідей «көмілген»...
5 жыл бұрын 3040 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өлімді осылай да еске алатындар бар. Оңтүстік Кореяда соңғы уақытта өзгеше үрдіс байқалып отыр. Тірідей көміліп көру арқылы өздерін арғы дүниеге дайындайды. Тек материалдық санамен шектелген, тек материалдық құндылықтардан өзгесін мойындамайтын қоғамның мұндай үрдісі бір қарағанда көрер көзге, естір құлаққа түрпідей тисе де адам жаратылысына тән сенім мәселесінде ақыретке сенудің алғашқы қадамы ретінде бағалауға болатын шығар. Жалпы, соңғы жылдары аталған елде пайда болған тірідей көміліп көру үрдісі бүгінгі таңда белең алып, тіпті, осы бағытта арнайы қызмет көрсететін орталықтар ашылған. Өлімді еске алудың өзін табыс көзіне айналдырған орталықтардың бір өзі, есебінше, жеті жыл ішінде 25 мың адамды тірідей «көмген». Клиенттерінің арасында жасы да, жасамысы да бар. Клиент табытқа жатқызылған соң оны тастай қараңғылықта өзімен-өзін 10 минут жалғыз қалдырады. Осы 10 минут жеткілікті олардың өз-өзінен есеп алуға. Мұндай ерекше қызмет көрсететін орталық қызметкерлерінің айтуынша, бұл тәжірибе адамдарға оң әсерін тигізеді-мыс. Психологиялық тұрғыдан. Өмірдің әрбір сәтін барынша бағалауға тырысады. Осы орайда таңғы шық елі суицид бойынша әлем елдері арасында көш бастап тұрғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат