(Ағылшын тілінде)
Христиан бір әйел Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у) есімін естігенде толқып жылады...
3 жыл бұрын 4441

Жоғарыдағы диалогтың аудармасы (0:11 бастап):

Мұсылман жігіт: 

- Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) жайында қандай ойдасыз? 

Христиан әйел: 

- Тәнір оны жарылқасын! Ол кісі жайында айтарым осы. Тәнір Оны және оның ізімен жүрушілерді жарылқасын! 

- Оның пайғамбар болғандығына сенесіз бе?

- Оның есімін айтуыңыз мені толқытты... Исустың (Иса ғ.с.) есімін айтқаныңызда былай толқыған жоқпын, бірақ Оның (с.а.у.) есімін айтқан сәтіңізде қобалжу пайда болды. Оны соншалықты қадірлеймін!... «Мұхаммед (с.а.у.)» деген едіңіз, менің дәл бұл жерімнен – жүрегімнен соққандай болды...

(Осы жағдайдан кейін мұсылман болуға шешім шығарған әйел кісі, жігіттің айтқанын қайталап, тілін кәлімаға келтіреді).

Мұсылман жігіт: 

- Алладан басқа құдай жоқ екендігіне куәлік етемін.

Әйел: 

- Алладан басқа Құдай жоқ екендігіне куәлік етемін. 

- Және де Мұхаммед Оның пайғамбары екендігіне куәлік етемін.

- Және де Мұхаммед Оның пайғамбары екендігіне куәлік етемін!

0 пікір