Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ораза туралы жыры
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ораза туралы жыры
7 жыл бұрын 6800

Әуелі Адам пайғамбарды Хақ жаратты,

Бір осы топырақтан тән жаратты.

Жан беріп, иман мірөз етті,

Біздерге руза тұтпақ сонан қапты.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

("иашһур" - йә шаһру Рамазан) 

Нұх пайғамбар құмына дұға қылған,

Ерінің жүз баршасы суға толған.

Сол суда көп кәпірлер һүник болған,

Пайғамбар өз құмына кеме қылған,

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Мұса ерді де ісі илан болған,

Сол қырғында Тәңірге қарыз қылған.

Махшар күні дидарын ғата қылған,

Бұ сөзден жақсы адам ғибрат алған.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Жақып нәби ахзан үтір шала болған,

Жетпіс ел парыз анттан жүдә болған.

Жүсіпті ағалары құл деп сатқан,

Он екі жыл зынданда сабыр қылған.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Ол Салых пайғамбар дұға қылған, 

Қара тастан боталы түйе туған,

Әуелі дүние деген пірлер һалак қылған.

Ботасы боздай-боздай тасқа кірген.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Ол Мұса пайғамбар жиһан кезген,

Дұғасы Хақ қасында қабыл болған.

Дұға бірлан өлікке жан берілген,

Төртінші қат аспанда мекен тұтқан.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Дәуіт ер-ді тамырды мүмдәк қылған,

Аюб ер-ді ор ішінде сабыр қылған.

Ар жағы, бұ жағынан сан нұр қонған,

Сонда да намазды еш қоймаған.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

 Ол Ыдырыс пайғамбар көкке шыққан,

Аспанда ғазірейіл жанын алған.

Жаны оның тәніне дыха кірген,

Осы күнде жұмақтан орын алған.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

 Сүлеймен тахты бірлан көкке ұшқан, 

Ибраһим қонақ табылса, қарсы алған.

Смағұл хақ жолында құрбан болған,

Біздерге құрбан шалмақ содан қалған.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Кәпірлер Зікірияға арт тартқан, 

Жүністі су ішінде балық жұтқан.

Хызыр Ілияс бұ дүниеде тыр жортқан,

Кәріп-кәсерге қайыр, жәрдем қылған.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Сабыры тамам бір ұжмақ, екі орын бар,

Жақсы адамдар ұжмақ тұрып, сабыр [қылар].

Жамандар жаһаннамнан орын табар,

Кәпірлер тамұқта мәңгі қалар.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Аспанда әр бұлбұл өз көгін жүзер,

Жердегі әр шөплер ернін безер.

Ораза тұтпағаннан Тәңірім безер,

Хабби үшін ұжмақтан орын түзер.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Бір орынның сауабы көкте болар,

Пітір берсең, сауабы һәм артылар.

Қайыры жоқ сараңдар сауаптан құр қалар,

Інжілдер ұжмаққа кірмей мақұрым қалар.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

 Әуел хабарың сұрар:

- Өлдің бе? – деп,

- Менің мол екенімді білдің бе? – деп.

- Өлместей боп жүруші ең, көрдің бе? деп.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

- Менің атым сұрасаң, ғазап! – дейді,

- Бейшара адам, келдің бе, жазып? – дейді.

- Жауабыңды берейін жалғыз, - дейді,

- Қоржыныңда қанша бар, азық? – дейді.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Ораза тұтпағаны құлға айналар,

Тамұғының ортасына баптанғандар.

Түрлі-түрлі ғазап қиналғандар,

Әр жерінде илан хиан жаппағанлар,

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Тұтқан соң оразаны пітір бергіл,

Берейін жалған етпей, тұғыры жүргіл.

Бұрынғы кінәлардан тәубе қылғыл,

Жамағат, құлақ салып мұны білгіл!

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Інжілдің оразамен саудасы жоқ,

Пітірсіз оразаның пайдасы жоқ.

Зекет бер, бермесеңіз, бір нық мим жоқ,

Ораза мүминаларының көңіліне тоқ.

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

Меккеде біреуі бар мың дәреже,

Құлдары ішіндегі әрбір қожа.

Дәулетіңіз ридасы ертелі-кеш құлақ салып, 

Тыңлай гөр-ай байыбын! 

Мұхаммед үмбетіне иашһүр Рамазан!

 

0 пікір