«Құдай мен пайғамбар туралы байқап сөйлеген жөн...»
«Құдай мен пайғамбар туралы байқап сөйлеген жөн...»
6 ай бұрын 7737
Ғарифолла Есім, профессор, доктор.

Ғайса пайғамбардың туған күнінен бастап жыл санауға кешкен жұрттар үшін ХХ ғасыр сарқылып, құпиясын ішіне сақтап, келесі ХХІ ғасыр келді. Тарихқа зер салған кісіге ХХ ғасырдың басталуы мен аяқталуында бір ұқсастық бар. Ол - ғасыр басындағы дінге деген ынта мен ғасыр соңындағы халықтың тағы да дінге ден қоюы. 

Ғасыр басындағы дінге ынта келе-келе адам айтқысыз дау-дамайға түсіп, Ресей империясында атеизм күшіне енді. Мешіт, шіркеу сияқты діни мекемелер қиратылды, діни басшы, қызметкерлер жойылды. Лениннің дін басшылары енді қайтып бас көтермейтін болсын деген нұсқауы орындалды. Мұның бәрі - өткен іс. Енді, міне, дін мәселесі ғасыр басында тағы да ересен бой көрсете бастады. Мұның арты немен тынарын бір құдайдан басқа кім білсін? Бірақ атеизмнің енді бұрынғыдай қайта қаһарына міне алмайтыны анық. Зиялы қауым дінге либералдық кезқарас танытуда, сірә, осы діни либерализм осы ғасыр қоғамдық санасының принципіне айналар деген ойдамын, өйткені дінге қатысты өзге көзқарастардың бәрі әлеуметтік тәжірибеде орын алған, олар өздерінің жағымды да, жағымсыз да жақтарын көрсеткен. Зерделі жанға әлемдік діни тәжірибеден мол ғибраттар алуға мүмкіндік мол.

Дін - мәдениеттің басты қазығы. Мұндай жағдайда ізденістің бір формасы ретінде атеизм де өмір сүре береді. Бірақ, зиялы оқу орындарында діни насихатта, керісінше, құдайға қарсы шығушылық (атеизм) та орын алмауы керек. Мұндай істер тек діни оқу орындары мен таза идеологиялық мақсаттағы мекемелерде гана жүргізілуі шарт.

Осындай жалпы түсініктен кейін біздің (қазақтардың) Құдай мен пайгамбар туралы бүгінде білдіріп жүрген ойларына тоқталайын.

Қазірrі заманда дін қайта оралып, мадени өміріміздің бір арнасына айналып келеді. Сондықтан біз не дінді қадірлейік, не атеистік пікірде болайық, бірақ өзімізді мәдениеттіміз деп мойындасақ, құдай мен пайгамбар туралы байқап сейлеген жөн, себебі үй артында кісі бар. Мұсылмандар үшін құдай мен пайғамбар қасиетті ұғымдар, тіптен шариғат қалпын бұлжытпай орындап жүрмесе де, өздерін дәстүрлі мұсылмандар деп санайтындар да, бұл ұғымдарға шаң түскенін қаламайды. Осы дәстүрді Абай берік ұстанған, оның құдай, пайгамбар туралы жеңіл-желпі айтқан сөзі жоқ. Біз де діндар болмағанымызбен, мұсылмандық мәдениетке ортақ ұғымдарға ізеттілік білдірсек, ол да өркениеттіліктің бір белгісі емес пе?

Қазақ басылым беттерінде соңғы кездері құдай мен пайғамбар туралы жиі жазылып жүр. Бұл дұрыс та шығар, бірақ сөздің айтылар өз реті барын да естен шығармаған жен. Мысалы, мынандай өлөң жолдарына назар аударсақ:

«Болса егер Алаш үшін Абай - Құдай,
Алаштың баласы үшін - Пайғамбарсың»

Ақын пайғамбарсың деп қасиетті Мұхтар Әуезовті айтып отыр. Мүмкін поэзия ушін образдылық тұрғысынан осылай айтуға да болар, бірақ қалай дегенмен құдай деп есімін айтқан соң, ол - Құдай. Ал, Абайды құдай деу - ақынға жасалған қиянат. Абай кадімгі әке-шешесі бар, туған, дүниеден қайтқан, жылы белгілі - пенде, Алланың нұры түсіп, санасы саулеленген дана, хакім. Бар болғаны осы. Осы түсінікпен келсек, Абайдың кемеңгерлігі еш кемімейді.

Қасиетті Мұхтарды да пайгамбар деудің еш қажеті жок. Ол да дана, данышпан, хакім, ол да Жаратушының ерекше ықыласына бөленген жан, құдайдың кұлы, пенде. Құдай мен пайғамбарды жекешелендіріп, тек Алаш үшін қолдану. сіра да, дұрыс бола қоймас. Бұл дін исламға ортақ болғандықтан, біздер біле бермейтін, кыр-сыры мол мистикалық (тылсымдылық) ұғымдар.

Сірә, адам баласы құдай дегенді ешқашан танып, біліп болмас. Себебі, Жаратушы құпиясы тек өзіне мәлім. Біз осыдан асып ешнәрсе айта алмаймыз. Біздің біліп, не сезіне алатынымыз Жаратушының (Алланың) сипаттары гана, оның өзінде адамға білуге, сезінуге «руксат етілгендері туралы ғана әлденелер айтпақпыз. Жаратушы бізге өзін тануды емес, өзі жаратқан мына дүниені, ғаламды тануға мүмкіндік берген. Жаратылған жаратылысты тану- жаратқанға бастайтын жол. Адам осы жолда. Алайда, адам пенделік жасап кей кезде не ақылы, не арманы жетпейтін істі де білгісі келіп әуре-сарсанға түседі. Ол үшін адамды жазғыруға да болмас, ол да Жаратушының жаратқан, өз болмысының бір сипаты.

Адам Жаратушысына аса ынтық. Осы сезім, әсіресе, поэзияда айқын көрінеді. Иассауи ез хикметтерін поэзия түрінде қалдырғаны соның куәсі. Біздің ақындардың Абайды құдайға теңей беруіндегі себептің бірі, осы поэзия құдіретінде болса керек. Сонымен бірге реті келген сөз болған соң айта кетейін, поэзия тек ақындар тілі емес, ол - Жаратушы тілі. Ақындықты адамға Жаратушы берген. Ақындыққа адамды үйретуге болмайды. «Өлең сездің патшасы», сондықтан ақын ерекше жаратылған жан болғандықтан, оның бойында да тылсымдық болмысқа жақындық мол, бірақ сонда да Абайды құдайға шендестірмей, адам баласына үйлесімді теңеулер табу әрине, ганибет.

Пайғамбар дегенге келсек, әрине, ол адам, демек адамға қатысты істердің бәрі оның басынан табылады. Бұл мәселеде данышпан мен пайғамбарды теңестіруге болады, бірақ мақсат өзгеше. Дана, данышпан таным жолындағы - адам, пайғамбар сенім жолындағы - жан. Бұл - бір. Екіншіден, пайғамбарлық қалап алынатын шаруа емес, ол Жаратушы өзінің сүйікті бір құлына, пендесіне берген ерекше қасиет. Үшіншіден, пайғамбар заман болмысын өзгерте алатын сана ұсынатын ерекше адам. Қоғам өміріндегі салт-сананы түбегейлі өзгертуді мақсат тұтқан әрі өзгерткен адамды пайғамбар дейміз. Төртіншіден, пайғамбардың сыры да адамға емес, Алласына (Жаратушысына) ғана белгілі құпия.

Қай дін болмасын, жалпы құдай (Бог), пайғамбар (пророк) деген ұғымдарды қастерлеп, қасиет тұтқанымыз өзімізді-өзіміз сыйлағандық болар деген түсініктемін. Абай айтқандай, бір Жаратушының бары хақ, оған бастайтын жолдар (діндер, сенімдер) көп. Мәдениетті адам сол жолға түскен адамдардың ғұрып, салт-санасын құрметтеуді парыз деп ұқса керек1.


Автордың «Адам-зат» атты эсселер кітабынан алынып отыр.

0 пікір