1) Білім иелері – пайғамбарлардың мирасқорлары
Білім иелері – пайғамбарлардың мирасқорлары. Бұл турасында пайғамбарымыз (с.а.у.):
إِنَّ الْعُلَمَاءَ وَرَثَةُ اْلأنْبِياءِ، إِنَّ اْلأَنْبِياءَ لَمْ يُورِثُوا دِيناراً وَلَا دِرْهَماً إِنَّمَا وَرَثُوا الْعِلْمَ فَمَنْ أَخَذَهُ أَخَذَ بِحَظٍّ وافِرٍ.
2) Ілім – таусылмайтын қазына
Адамды адам ететін, оны биік дәрежеге апаратын оның дүние-мүлкі емес, бәлкім оның артында қалдырған білімі. Әбу Һурайра ең кедей сахабалардың бірі еді. Тіпті қарны аш болғандығы салдарынан құлап та қалатын кездері болатын. Алайда оның пайғамбарымыздың (с.а.у.) мүбарак хадистерін ең көп жеткізген сахаби болғандығын жақсы білеміз. Осы орайда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мүбарак хадисінде былай деп айтылған:
" إِذَا مَاتَ اْلِإنْسَانُ، اِنْقَطَعَ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثِ، صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ، أَوْ وَلَدٌ صَالِحٌ يَدْعُو لَهُ .
3) Ілім – қарауылға мұқтаж емес
Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алған адам жиған ілімі біреудің қолында кетеді деп еш уайым шекпейді, оған қарауыл қоймайды, құлыптамайды, өйткені ілімнің мекені – жүрек. Жүрегін күнәмен ластамаса, ол ілім оны ешуақытта тәрк етпейді. Ал, дүние жиған адам болса, сол тірнектеп жинаған байлығын біреу қолды ете ме деп күні-түні уайымдап, соны сақтап қалудың қамын ойлайды. Ал, ілім адамды өмір бойы неше-түрлі қауіп қатерден сақтайды.
4) Ғалымдар - туралыққа куәлік беруші Алланың сүйікті құлдары
Бұл турасында Алла тағала қасиетті Құран кәрімде
شَهِدَ اللَّهُ أَنَّهُ لَا إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ وَالْمَلَائِكَةُ وَأُولُو الْعِلْمِ قَائِمًا بِالْقِسْطِ
Алла және оның періштелерінен кейін ғалымдардың куәлік беруі – ғалымдарға берген Алланың үлкен сыйы, әрі мәртебесі.
5) Алла ғалымдарға бағынуды әмір етеді
Алла тағала адам баласын ең алдымен өзіне және пайғамбарына (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) және әмір иелеріне бағынуды бұйырады. Оған дәлел Алла тағала Құран кәрімде:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنكُمْ ۖ
Құран аятында келген «Улул амр» (басшы) жайында ғалымдарымыз «олар – ел басқарған басшылар мен үммет ғалымдары» деген.
6) Алла кімге қайыр қаласа, ғұламалардан етеді
Адамның Алла разылығы үшін ілім жолына түсуі – оған деген Жаратушының ерекше ілтипатынының нышаны. Бұл жайында Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде:
مَنْ يُرِدِ اللَّهُ بِهِ خَيْرًا يُفَقِّهْهُ فِي الدِّينِ
7) Ілім жолы – жәннатқа апарар жол
Ілім жолына түскен пенденің Алла тағала жәннатқа апарар жолын жеңілдетеді. Оған дәлел пайғамбарымыздың мына хадисі:
وَمَنْ سَلَكَ طَرِيقاً يَلْتَمِسُ فِيهِ عِلْماً سَهَّلَ اللهُ بِهِ طَريقاً إِلَي الْجَنَّةِ
8) Ілім иелерінің ақыретте де дүниеде де дәрежесі жоғары болады
Алла тағала қасиетті Құран кәрімде:
يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Алла Тағала білімді адамның дәрежесін ақыретте биік қылғандай, бұл дүниеде де мәртебесін өсіріп, абыройын асқақтатады. Ол – бейне бір қараңғы қапаста шырақ ұстаған адам секілді.
9) Ғалымдар Алладан шынайы түрде қорқады
Раббысын танып, Алла алдындағы өзінің міндетін түсінген адамның Аллаға деген қорқынышы да көбірек болады. Ақиқат ілімінен дәм татқан аталмыш пенденің харам істерге баруға қарсы иммунитеті қалыптасады. Алла тағала құран кәрімде:
إِنَّمَا يَخْشَى اللَّهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاءُ ۗ
Шынында Алладан құлдарының арасында тек ғұламалар ғана шынайы қорқады[8], - деу арқылы ғалымдардың шынайы тақуа құлдар екенін меңзеуде.
10) Ғалымдар мен қарапайым адамдар арасындағы алшақтық
Алла тағала қасиетті Құран аятында:
قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ ۗ
«Білгендер мен білмегендер тең бе?» деп, айт,[9] делінген. Білім иелері мен білімсіздердің ара жігін пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисі айқын баяндайды:
فَضْلُ الْعَالِمِ عَلَى الْعَابِدِ كَفَضْلِي عَلَى أَدْنَاكُمْ
Пікірлер (0)