Әркімнің өз шайтаны бар
Әркімнің өз шайтаны бар
4 ай бұрын 4996

Айша анамыздан жеткен хадисте (Алла оған разы болсын), Әзіреті Айша былай әңгімелейді:

«Мен (Алла елшісіне): «Уа, Расулалла! Шайтаны болмайтын адам жоқ па?» - деп сұрадым. Ол (с.а.у): «Иә, жоқ» деді. «Сен де ме, уа Расулалла?» - дедім (яғни, сенің де шайтаның бар ма). Ол (с.а.у.): «Мен де. Бірақ, Алла Тағала маған жәрдем беріп, ол шайтан мұсылман болды» - деп жауап берді» - деп Айша анамыз сөзін аяқтайды.

Екі жүзділіктен Аллаға сыйынамын. Алладан ұзап, Одан бөлек кетуден Аллаға сыйынамын. Әлемнің иесіне қарсы шығудан Аллаға сыйынамын. Есеп күнінің азабынан Аллаға сыйнамын. Тауфиқ тапқаннан соң, қайта қарсы келуден Аллаға сыйнамын.

Уа, Алланың пенделері! Біліп қойыңыздар! Егер Алла Тағала бір пендесіне жақсылық қаласа, одан шайтанын ұзақтатып, оған қарсы ол пендесіне жәрдем береді. Сөйтіп ол пендесін итағатқа жігерлендіріп, бойынан жалқаулықты жояды. Осылайша, пенде Мәуләсына жөнеліп, Одан өзгесінен бет бұрады. Қожайынының разылығын өзінің нәпсісінен әмәндә жоғары қояды. Сол кезде, Алла Тағала оның барар жерін жоғарғы деңгейлі пейіш қылады.

Ал егер бір пендеге жамандық қаласа, оның шайтанын онда орнықтырып, оған үстемдік беріп қояды, осылайша Жаббар Аллаға бойсұнудан ұзақтайды, ізгі істерді істеуге жалқауландырады, оған тозақ иелерінің істерін сүйдіріп қояды, керісінше тұрақты пейіш иелерінің істерін жеккөргізеді.

Жаман адамның жамандығынан Аллаға сыйнамын. Қатыгез, бірбеткей шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын. Көреалмайтын жау адамның кесірінен Аллаға сыйынамын. Бұзылған жүректен Аллаға сыйнамын. Итағатты қойып, құр босқа жататын денеден Аллаға сыйынамын!1


1  Жәмәлуддин ибн әл-Жәузи: «Бүстәнуль уаъизин уә риядус сәмиъин».

Тұрғын Нұғман

 

0 пікір