Бұл өмірде біз егістік алқабына егін егіп, астығын жинап алуға үміттеніп жүрген диқаншы іспеттеспіз. Ақылды диқаншы маусымы келгенде құнарлы топыраққа ең сапалы дәнді сеуіп, астығын молынан жинап алады. Ал біздің егістік алқабымыз – осы фәни дүниедегі тіршілігіміз.
Өмірін Аллаһ тағаланың көркем есімдерін тамашалаумен өткізіп, бұл дүниені егістік алқабындай қолданған адамдар ұзақ жасай бергілері келеді. Себебі олардың өмірі жайнаған гүлдей, жемісті бау-бақшадай. Адам үшін ең маңыздысы да артында осындай өмір қалдыру. Өмірін осылайша гүл-гүлістан ішінде өткізіп, берекетке кенелуді мақсат тұтқандар үшін Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Кімде-кім өмірінің ұзақ, рызығының мол және берекетті болуын қаласа ата-анасына жақсылық жасасын, туған-туыстарының да қамын ойласын»1, – деп өсиет айтады.
Иә, ата-анаға жақсылық жасау – өмірдің ұзаруына және рызықтың берекеттенуіне себеп болғаны секілді сонымен қатар, Аллаһ тағалаға да шүкіршілік ету мағынасына келеді. Себебі ҰлыЖаратушы бізге Құран кәрімде:
«Әрі Маған, әрі әке-шешеңе алғыс айт!»2, – деп бұйырады. Перзент ата-анасына жақсылық жасау арқылы Аллаһқа да шүкіршілік айтқан болады. Құранда Жаппар Иеміз:
«Егер шүкіршілік етсеңдер Меннығметтерімді одансайынарттыратүсемін...»3, – дейді.
Демек, Аллаһ тағалаға шүкіршілік етіп, ата-анасына адал болып, оларға қамқорлықтары үшін алғысын білдірген адамдар қайырлы өмір сүріп, молшылыққа кенеледі. Қартайып, жас бала сияқты болып қалған ата-
ана сырттан қарағанда балаларына ауыр жүк секілді көрінгенімен, негізінде Аллаһ тағаланың адамға сыйлаған құнды қазынасы. Оларға жасалған әрбір жақсылық қазған сайын алтын шығатын кенге ұқсайды. Адам баласы осылайша алдында жатқан алтындарды жинай-жинай қазынасы еш кемімейтін шексіз байлық Иесінің, Аллаһ тағаланың құзырына дейін келеді. Сол үшін де атам қазақ «Қариясы бар үйдің қазынасы бар», «Қариясы бар үйдің дариясы бар» деген емес пе?! Айлығыңның аздығын желеу етіп, «әттең әке-шешем өздері бөлек тұрғанда ғой, ақша жинауыма бо- лар еді» деген ойдан мүлдем аулақ болған жөн. Себебі қайдан білесің, олар болмаса мүмкін жағдайың одан да бетер болар ма еді? Асылында, ата-әже – үйдің берекеті, отбасыңа келер пәлекеттің қорғаушысы.
Себебі Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде:
«Белі бүгілген қарттарың болмағанда пәлекеттер бастарыңа сел секілді ағып келер еді», – деген4. Егер күн көрісің нашарлап, тарықсаң, оның
себебі әке-шешең, ата-әжең емес, басқа күнәларың. Ешуақытта «Күн көрісіміз нашар, қолым қысқа», – деп айтушы болма, себебі солар үшін үйіңе келген берекет болмағанда, сенің күн көрісің одан да төмен болар еді.
Мейірімді, рақымдыжәнеөтежомартАллаһ тағала сәбилерді бұл дүниеге жіберген кезінде арқасынан рызықтарын да өте ғажайып түрде жіберіп, мәмелердің ұшынан ауыздарына бал ағызғаны секілді, сәби күйге қайта оралған, тіпті баладан да бетер мейірімді қажет ететін қарттардың рызықтарын да берекетімен жібереді. Мейірімі кең, шексіз жомарт Аллаһ тағала олардың күнін сараң адамға қаратпайды.
«Негізінен барлық жандының рызықтарын беретін – шексіз күш-қуат иесі Аллаһ тағала»5, және «Рызықтарын өздері таба алмайтын қаншама тіршілік иелері бар. Сендерге де, оларға да рызық беруші – Аллаһ»6, – деген аяттар осы ақиқаттарды паш етсе, бір жағынан әлем де осы ақиқатқа куәгерлік етеді. Тіпті тек қарт кісілер ғана емес, адам баласына дос ретінде берілген мысық секілді кейбір жануарлардың рызықтары да үйге берекет ретінде енеді.
Егер бір жануардың үйге келуі берекетке себеп болатын болса, жаратылыс атаулының ең кереметі – адам, адамдардың ең қадірлісі – жүрегінде иманы бар адам, ал имандылардың ішінде ең құрметке лайығы – қариялар, қариялардың ішінде қамқорлық пен сүйіспеншілікке лайығы – жақын туыстарың, туыстардың ішінде ішкі жан дүниеңді түсінетін, сені кіршіксіз жақсы көретін – ата-анаңның сенің үйіңде тұруы, шаңырағыңа Аллаһ тағала рақымдылығын жаудыруына, берекетін төгуіне бірден-бір себеп емес пе?!
Мұсылман ғұламаларының бірі былай деген екен: «Ақыреттік достарымның арасында Мұстафа Чавуш деген бір досым бар еді. Дінінде де, жұмыс бабында да үнемі жетістікке қол жеткізетін. Мұның сырын түсіне алмайтынмын. Оның сырын кейіннен түсіндім. Сөйтсем ол бауырымыз ата-анасын құрметтеп, олардың қысына қарсы келмейді екен. Сондықтан бұл дүниеде Аллаһ тағаланың рақымдылығы мен берекетіне кенеліпті. Құдай қаласа ақыретінде де бақытты болар. Бақыт іздеген адам соған ұқсауы керек».
Иә, ана мен әке былай тұрсын үйдегі жан-жануарлардың өзі Аллаһ тағаланың рақымдылығы мен берекетіне себеп болады. Мысық екеш мысықты да рызықсыз қалдырмайтын Рәззақ Аллаһ тағала, белі бүгілген, аузынан дұғасы түспейтін ата-анамызға рызығын қалайша жібермесін?!
Көптеген хадистерде ата-ананы сыйлап, туған-туыстармен жақсы қарым-қатынаста болу – өмір жастың ұзаруына, берекеттің артуына себеп болады деп айтылады.
Пайғамбарымыздың асыл жұбайы Умму Сәләмә (р.а.) Аллаһ елшісінің аузынан мына хадисті естігенін айтады:
«Жасалған әрбір жақсылық адамды жаман жерден, басына келетін бәле-бәтерден сақтайды. Жасырын берілген садақа Аллаһ тағаланың ашуын басады. Туған-туыстарыңа барып, олармен арадағы қарым-қатынасты жалғастыру өмірді ұзартады. Жасалған әрбір жақсылық – садақа. Жақсылыққа жаны құштар жандар бұл дүниедегі секілді ақыретте де сол қасиеттерімен танылады. Жаман пиғылды жандар болса, ақыретте сол сипаттарымен аталады. Жаннатқа бірінші болып кіретіндер – қайырымдылықты көп жасап, соның жолын қуған жандар»7.
Келесі хадисінде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ата-анасын сыйлап, оларға қамқор болған перзенттерге сүйінші айтамын. Аллаһ олардың өмірін берекетті етеді»45, – деген8. Иә, «Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың, сыйламасаң жан қинарсың» деген мақал текке айтылмаған.
Аллаһ тағала құлдың жасаған жақсылықтарының бірінің сый-ақысын дер кезінде береді. Бұл – туған-туысқандармен жақсы қарым-қатынас жасап, оларға ілтипат көрсету. Осы жақсылықты жасағандар Аллаһ тағаладан сый-ақысын алу үшін ақыретті күтпейді. Аллаһ тағала бұл жақсылығының қайтарымын осы дүниеде береді. Қалай дейсіз бе? Олар ата-аналарының үйіне барып, ағайыншылық татулықты нығайтқан сайын Аллаһ тағала оларды кедейліктен құтқара бастайды. Малдары мен табыстарының берекетін арттырады. Балаларының санын көбейтіп, отбасына берекет жаудырады9.
Сахаба Сәлман Фариси (р.а.) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Басқа келетін қауіп-қатерге дұға ғана кедергі бола алады. Ал адамның ғұмырын ата-анаға жасалған қамқорлық қана ұзарта алады»4710, – деген хадисін баян етеді.
Аллаһ тағала ғаламдағы барлық нәрсені белгілі бір бағдарлама мен жоба бойынша жаратқан. Барлық тіршілік иесінің қашан туылатыны, қай кезде өлетіні, түрінің қандай болатыны, басынан кешетіндері және т.б. сол секілді барша мағлұматтар Аллаһтың шексіз ілімінің аясындағы әу бастан белгіленген жайттар. Мұны «жазмыштың жазуы», яғни «тағдыр» дейміз.
Тағдырда жазылғандар уақыты келгенде іске асады. Ал дұға жасап, тілек тілеудің құдіреттілігі сонда, ол осы тағдырда жазылып, басымызға келейін деп тұрған оқиғалардың өзгеруіне себеп бола алады. Яғни бір адамның тағдырында «Құрт ауруынан қайтыс болады», – деп жазылған болса, шын көңілден жасалған дұға нәтижесінде Аллаһ тағала әлгі адамның дертіне шипа беріп, ұзақ өмір сүргізуі мүмкін. Дегенмен бұл өзгеріс те Аллаһ тағаланың ілімінің аясында іске асады. Бұған мысал ретінде Құранда баяндалған Жүніс пайғамбардың қауымының басынан кешкен оқиғасын көрсете аламыз4811.
Бұл қауым – Нинова деген халық еді. Саны жүз мыңға жететін бұл адамдарға Аллаһ тағала елші ретінде Жүніс пайғамбарды жіберген-ді. Бірақ қауымы оған сенбеді. Соның салдарынан Аллаһ тағала оларға азап ретінде түнерген қара бұлттарды жіберді. Нинова халқы төбелеріне азап бұлттарының шүйілгенін көргенде барып тәубелеріне келіп, жасағандарына өкінді. Аллаһ тағалаға шын дұға жасап жалбарынды. Жүніс пайғамбардың айтқандарына сеніп, іске асыратындарына уәде берді. Сонда Аллаһ тағала азап бұлттарын кері қайтарды. Яғни
тағдырларында азапқа ұшырау жазыла тұра, Аллаһ тағала олардың шынайы түрде жасаған дұғаларын қабыл етіп, азаптан құтқарды.
Адам баласының ғұмыр жасы да Аллаһ тағаланың тағдырында жазылған. Ажалымыздың қай кезде келетіні біз туылмай тұрып белгіленіп қойған. Уақыты келгенде өлім періштесі әрбір адамның қонағы болады. Бірақ жоғарыдағы хадистерде баяндалғандай, ата-анамызға жасаған жақсылықтарымыз, олардың көңілінен шығып, риза етуіміз ғұмырымыздың ұзақ әрі берекетті болуына себін тигізеді. Аллаһ тағала кең пейіл жомарттығымен бізге Қадір түнін сыйға тартып, күрмеуі қысқа мына өмірде бір түнде сексен жылдық сауап жинау мүмкіншілігін бергені секілді ата-анамызға жақсылық жасау арқылы бізге ғұмырымызды ұзарту, берекеттендіру және жемісті өмірге қол жеткізуге жол ашқан.
Әкім Алымуддинұлы, "Жұмақтың кілті қасыңда".
1 Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. III, 156; 266-беттер; әт-Табәрани, әл-Мужәмул-Әусат. IV, 32-бет.
2 «Лұқпан» сүресі, 14-аят.
3 «Ибраһим» сүресі, 7-аят.
4 Мунауи. Фәйзул-Қадир. I,266-аят.
5 «Зарият» сүресі, 58-аят.
6 «Анкәбут» сүресі, 60-аят/
7 әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Әусат. VI, 163-бет.
8 әл-Бухари. әл-Әдәбул-Муфрәд. I, 22-бет; әл-Хаким. әл-Мустәдрәк. IV, 170-бет.
9 әл-Хаким әт-Тирмизи. Нәуадирул-Усул. II, 190-бет; әл-Мунауи. Фәйзул-Қадир. V, 479-бет.
10 Тирмизи. Қадәр. 6; әт-Табәрани. әл-Мужәмул-Кәбир. VI, 251-бет.