Бала тәрбиесінде еврейлер ұстанатын 7 қағида
Бала тәрбиесінде еврейлер ұстанатын 7 қағида
7 жыл бұрын 15332
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Баланы әр ұлт өзінше тәрбиелейді. Бала кезден басталған тәрбие өсіп-өнгенше оның бойына азық болады. Қазақ «тәрбие –тал бесіктен» деп бекер айтпаған. Әрине баланың бақылауда болғаны жақсы. Жалпы ата-ананың өз перзентіне мейірімі шексіз болуы тиіс Бірақ баланы «қадағалаймыз» деп тым қатал ұстап жүрген жоқпыз ба? Ал  басқа ұлт өзінің перзентін қалай тәрбиелейді? Біз осыған назар аудардық па? Мысалы, еврейлердің баласы неге ақылды? Әлде, олар солай ұғым қалыптастырып қойған ба?  

Әрине, бала тәрбиелеуде кейде артық-кем түсетін жайттар кімнің де болсын өмірінде кездесіп жатады. Алайда психолог мамандардың сараптауына қарағанда, еврейлер өз балаларына шексіз мейіріммен қарайды екен.

1.Еврей анасы баласын ешуақытта кемсітпейді. Баласы қандай да бір тәртіп бұзса, анасы ешқашан сөгіп ұрыспайды, Қайта «менің ақылды балам мұндай жөнсіз нәрсені қалай істеп қойды, енді ол ешқашан ақымақтық жасамайды»  деп арқасынан қағып, мейірімін білдіреді. «Біздің баланың бойында ешқандай кемшілік жоқ». Бұл еврей аналарына тән бұлжытпас құбылыс. Әрине, кішкентай бүлдіршіннің немесе кез келген жастың бойында кемшілік болады. Бірақ оны еврейлер біледі, алайда басқалардың сезуі мүмкін емес.

2.Бүкіл еврей қоғамына тән екі нәрсе бар: олар баласын еркін ұстайды, сонымен қатар, қатал талап қою қоса жүреді. Олар үшін баланы еркіндікте ұстау арнайы бұлжытпас тәрбие емес, еркіндік еврей ата-анасы үшін таза ауамен тыныстау секілді қағида. Қаталдық бала шектен шыққан кезде ғана қолданылатын түсінікті тұрғыда айтылатын тәрбие. Мысалы, еврей  баласы шешесінің жұпар иісті әтірін ауладағы мысығының үстіне сепсе, оған бола анасынан сөз естімейді.

3.Еврей анасы әрқашан баласын мақтап отырады. Бұл үрдіс туғаннан бастау алады. Тіпті болар болмас істелінген іске бола перзентін мақтау -  еврей қоғамындағы қалыпты құбылыс. Мысалы, бала сурет салды делік, мұндай жағдайда одан асқан суретші жоқ болып шығады. Бүкіл еврейге тән нәрсе, олар мұндай мақтауды әсіресе, жұртшылықтың көзінше  айтқанды жақсы көреді. Әрие, ондай кезде баланың мерейі өсіп, елдің алдында абыройы артады.

4.Еврейлер ең алдымен бала-шағасына өздері үлгі болуға тырысады. Жанұяда орын алған қандай да бір ақымақтық істі бала көрмеуі керек, тіпті сезбеуі тиіс. Өздері жауапкершілікті сезіне отырып, олар балаларын да осыған бағыттайды.

5.Еврей тәрбиесінде ең алдымен бала әке мен шешеге ерекше назар аударылуы керек деген қағида басты орында тұрады. Егер отбасында бала ата-ана арасындағы ерекше сыйластықты өскенше көріп өссе, онда ол да өзі отбасы құрғанда болашақ жарымен осындай дәстүр қалыптастыруға тырысады.

6.Еврей отбасында бала тәрбиесі ол дүниеге келмей тұрып басталады. Қыз тұрмысқа шығар алдында ол өзі үшін өмір сүрмейді. Оның негізгі назары үй мен отбасында болады. Жалпы қазақы тәмсілге салсақ. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Сондықтан бала тәрбиесіне еврейлер ерекше маңыз береді.  Тіпті бала тәрбиесіне қатысты тұтастай жүйе жасалынып қойылған, кез келген елдімекен мен қалаларда арнайы ата-аналар курсы жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерде тәрбиеге қатысты айдарлар өте көп. Тіпті әлемдегі синогога мен арнайы еврей мектептерінде бірінші бұлжытпас заң бала тәрбиесі болып табылады.

7.Еврей баласы жалқаулықтың не екенін білмейді. Ата-ана оларды ешқашан бос қоймайды. Ағылшын тілін үйрену, математикамен шұғылдану, спорт үйірмесіне бару, мұның барлығы алдын-ала есептелініп қойылған.  Сондықтан бала бос болмайды. Әрқашан асығып, бәріне үлгеріп қалуға тырысады және бұл өмір сүру дағдысына айналған.

 

0 пікір