Құранда неге «терілері жанып кеткен сайын, оларды басқа теріге ауыстырамыз» деген? (Тайланттық ғалымның мұсылман болуы)
Құранда неге «терілері жанып кеткен сайын, оларды басқа теріге ауыстырамыз» деген? (Тайланттық ғалымның мұсылман болуы)
4 жыл бұрын 10332

Тайланд еліндегі «Чайн-Майн» университетінің Медицина факультетінің деканы профессор доктор Тажакет Тажасонға бір медицина конференциясында Құран Кәрімдегі ғылыми ақиқаттар туралы айтылады. Т. Тажасон алғашқыда мән бермей:

«Мұндай мәліметтер біздің елдегі кришна (Будда) дінінің «киелі» кітаптарында да бар» дейді.

Бірақ бұл сөзін растауын сұрағанда, жүргізген зерттеулерінің бірде-біріңде сұралған мәліметтерді кездестіре алмайды. Содан кейін Құран Кәрімдегі мәліметтерді зерттей бастайды. Құрандағы қазіргі ғылыммен ұштасып отырған мәліметтерді көргеннен кейін, ол бұрынғы айтқандарына өкініп, бұл туралы пікір таласқан мұсылман білім иелерінен кешірім сұрауға мәжбүр болады.

Т. Тажасон бұрыннан (ақыреттік) азапқа байланысты зерттеулер жасап, зерттеуінде мынандай қорытындыға жеткен еді:

«Азаптың ұзақ уақыт жалғасуы үшін тері отта жанып, сезімі жоғалғанда қайтадан сол сезімді жандардырған болуы керек. Яғни, азап терінің үстінде болатындықтан тері жанып-жанып арғы жағындағы бұлшық ет бұзылады да істен шығады. Бұл дегеніміз, одан кейін азапты сезбей қалады деген сөз. Өйткені, миға теріден сигнал барады.  Ми тері арқылы сезінеді. Сондықтан тері жанып, көмірдей қарайып кеткенде бұлшық еттер міндетін атқара алмай қалады. Ол үшін жаңа бір терімен қапталуы қажет. Яғни, жаңа тері жаратылып, дене жаңа терімен қапталғанда ғана азапты сезінетін жүйе қалпына келген болады. Басқалай болса, немесе тері күйіп кеткеннен кейін қайтадан тері жаратылмаса, азап жалғаспақ емес» (дей келе Т. Тажасон «тозақтағылар мәңгі отқа жанады» деген сөзге ғылыми талқы жасайды).

Мұндай қорытындыға келген ғалым Т.Тажосонға мұсылман ғалымдары Құранда орын алған мына бір аятты оқыған еді:

«Негізінен аяттарымызға сенбегендерді жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі»[1].

Аталмыш қасиетті Құран аятын оқыған Т.Тажосон қатты таң қалып, бұндай кітаптың әсте адамның туындысы болуы мүмкін еместігін мойындайды. Содан кейін Т.Тажосон еліне оралып, өз елінде бірнеше конференция өткізеді. Өткізген алғашқы конференциясында-ақ бес шәкірті ғылыми дәйектермен дәлелденген Құранның құдіреттілігіне таңданысып, иман келтіріп мұсылман болады. Ақыры өзі де «Рияд» қаласында (Сауд Арабия) өткізілген сегізінше медицина конгрессінде тілін кәлимаға келтіріп «Мен де мұсылман болдым» деп қуанышпен айқайлайды. Сөйтіп ол одан кейінгі өмірін тұтас Құранға арнаған екен.

«Құран мұғжизасы» атты кітаптан.
Авторы: Осман Нұри Топпаш.



[1] Құран Кәрім: «Ниса» сүресі, 56 аят.

0 пікір