Қан алдыру - Пайғамбар (с.а.у.) медицинасы
Қан алдыру - Пайғамбар (с.а.у.) медицинасы
7 жыл бұрын 6084 Unmet.kz

Қан алдыру, яғни хижама. Бұл күнде «хижама» атауы барша мұсылман қауымға аян болса керек. Ол деген адам денесінен қан шығарып емдеу болып табылады. Ендеше осы хижаманың не екеніне кеңінен қарап көрелік.

 

«Хижама» сөзі – арабтардың «хажм», яғни сору, ему деген сөзінен шыққан. Егер «бала хажм жасады» десе, демек емгенін білдіреді. «Хажжам» деген емуші немесе сорушы дегенді білдіреді. Ендеше «хижама» деген «сорушы» болса, оның қолданатын ыдыстарына «михжам» делінеді. Бұл тілдік мағынасы.

Ал терминдегі мағынасы: кей ғалымдар «хижама» деген желкеден қан алу десе, Зарқани мен Хаттабилердің айтуынша бүкіл денеден қан алу демек.

Жалпы денеден қан шығару арқылы емдеу ежелден белгілі. Оны ежелгі қытайлықтар, вавилондықтар және ежелгі мысырлықтар қолданатын болған. Олардың қан шығару арқылы кей ауруларды емдегендері олардан қалған тарихи суреттерінде кездеседі. Олар бұл үшін метал ыдыстарды және бұқалардың мүйіздерін қолданған. Олар бұл ыдыстың ішіне мақта немесе матаның бөлігін тұтатып, ауаның қысымы азайған сәтте оны денеге қойып қанды сорғызатын болған.

Хижаманың артықшылығы:

Имам Бухари «Сахих» жинағында Ибн Аббастан (р.а) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисін жеткізді:

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِي اللَّهُ عَنْهُمَا عن النبي صلى الله عليه وسلم قَالَ : " الشِّفَاءُ فِي ثَلاثَةٍ شَرْبَةِ عَسَلٍ وَشَرْطَةِ مِحْجَمٍ وَكَيَّةِ نَارٍ وَأَنْهَى أُمَّتِي عَنِ الْكَيِّ

«Шипа үш нәрседе: бал ішуде, хижама жасату (қан алдыру) және отпенен күйдіру. Алайда үмметімді күйдіруден тыямын.»

Басқа хадисте  Әнәс бин Мәликтен (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): إِنَّ أَفْضَلَ مَا تَدَاوَيْتُمْ بِهِ الْحِجَامَةُ أَوْ هُوَ مِنْ أَمْثَلِ دَوَائِكُم

«Расында емделген нәрселеріңнің ең абзалы хижама, немесе ол емдеріңнің ең жақсысы» – дегенін жеткізеді. (Бухари, Муслим)

Және бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.):

إن كَانَ فِي شَيْءٍ مِنْ أَدْوِيَتِكُمْ خَيْرٌ فَفِي شَرْطَةِ مِحْجَمٍ أَوْ شَرْبَةِ عَسَلٍ أَوْ لَذْعَةٍ بِنَارٍ وَمَا أُحِبُّ أَنْ أَكْتَوِيَ

«Емделіп жүрген нәрселеріңде жақсылық болса, онда ол хижамада, бал ішуде немесе отпенен күйдіріңкіреуде, алайда күйгенді ұнатпаймын» – деді. (Бухари, Муслим)

Қан алдыру тәсілі арқылы ежелде де қазіргі кезде де көптеген ауруларды емдеуде, солардың бірерін тізбектесек:

  • Қан айналымымен қатысты аурулар;
  • Қан қысымы;
  • Жүрек бұлшықетінің ауруы;
  • Көз бен бас аурулары;
  • Мойын мен іш ауруы, бұлшықеттердегі ревматизм ауруы;
  • Көкірек аурулары;
  • Кеңірдек ауруы;
  • Буын аурулары.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) медицинасы болған бұл хижама көптеген ауруларға ем болуымен қатар, тікелей пайда бермейтін кей ауруларға қарсы ауруды жеңілдетуші болып табылады.

Ескерту: қан алдырар болсаңыздар хижаманы жақсы білетін, дұрыс ала алатын адамға алдырыңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға нұқсан келтіріп алуыңыз мүмкін.

0 пікір