Макродүние мен микродүние
Макродүние мен микродүние
11 жыл бұрын 12899
Әлия Есқалиқызы

Менделеев кестесіндегі элементтердің периодтық жүйесі – химия әлеміндегі мәліметтер жиынтығы. Кестенің жеті периоды мен сегіз тобын 118 торкөз (ұяшық) құрайды. Қазіргі кезде оның 110-ы элементтермен толтырылған. Енді периодтық кестенің әр ұяшығында химиялық элемент туралы қандай ақпарат берілген екен, соның сырына үңілейік. Әр элементтің атомдары электрон, протон, нейтрон деген бөлшектерден құралған.

Химиялық элементтің рет нөмірі оның ядросындағы протон санын көрсетеді. Атомның электрбейтарап  яғни зарядсыз болу себебі оның ядросындағы протонның саны (+заряды) ядро маңындағы электронның санына (–зарядқа) тепе-тең болуынан. Мысалы, атомы ең кіші элемент – сутегінің ядро заряды +1-де, ал ядросының сыртында заряды –1-ге тең бір электроны бар. Оттегінің атомының ядро заряды +8-ге тең, оның айналасында әрқайсысының ядро заряды –1 болатын сегіз электрон айналады.

Яғни, элементтің рет нөмірі арқылы оның электрондарының санын да табуға болады деген сөз.   

Ал ядродағы нейтрон санын (N) элементтің салыстырмалы атомдық массасынан (Аг) протон санын (Z) шегеріп табуға болады:

N=Ar-Z

Себебі, атомның негізгі массасын протондар мен нейтрондар құрайды, ал электронның массасы өте елеусіз.

[m(е)=m(р+)/1837] болғандықтан ескерілмейді.

Атомды құраушы қарапайым бөлшектер

Қарапайым бөлшек

Таңбасы

Заряды

Массасы

Орны

Ашылуы

Грамм

м.а.б.

Электрон

e-

-1

9,11*10-28

0,0005»0

Ядро маңында

1897 Thomasson

Протон

р не р+

+1

1,67*10-24

1,0072»1

Ядрода

1919 Rutherford

Нейтрон

n не n0

0

1,67*10-24

1,0086»1

Ядрода

1932 Chadwіck

 

1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд ұсынған атом құрылысының моделі планетарлық жүйені еске түсіреді. Күнді айналған ғаламшарларға ұқсайды. Сондықтан оны «Атомның планетарлық моделі» деп те атайды. Күнді айнала қозғалған планеталар сияқты, оң зарядты ядроны теріс зарядты электрондар айналады. Атом көлемі күн жүйесінің аса кішірейген [m(атом)<3,9*10-22г] көшірмесі сияқты. Атом құрылысы мен аспан денелері арасындағы ұқастық таңғажайып. Бұл ұқсастық  - әлемнің біртұтастығын және  оның жаратушысының бір екенінінің өте айқын дәлелі.

Электрондардың ядроны айнала қозғалысы макродүниенің және микродүниенің заңдарына бағынады. Ядроның маңындағы электрондар қабаттарға яғни орбиталарға бөлініп қозғалады. Мысалы, сутек атомында бір қабат және онда жалғыз ғана электроны бар. Оттектің сегіз электроны екі қабатты құрайды.  Ішкі қабатта 6 электрон айналса, сырқы қабатта 2 электрон өз орбитасында айналады. Ал темір атомындағы жиырма алты электрон төрт қабаттан тұрады.

+1Н 1е;    +8О 2е,6е;    +26Ғе 2е,8е,14е,2е;

Ядроны айнала қозғалған электрон заряды қарсы аттас ядроға тартылып ”құлап та қалмайды,  я болмаса, одан алыстап, қарасын үзіп, қаңғып та кетпейді. Немесе, қанша көп болса да электрондар (110-нан аса  электрондары бар атомдар да бар) бір-бірімен соғылысып, қақтығысып та қалмайды. Әр электронның ядро айналасында қозғалатын өз реті, өз заңдылығы сақталады. Қанша элемент атомдары болса ,олардың әрқайсысының  сонша өз электрон дүниесі бар жеке әлем іспетті.  

Мысалы, өзіміз күнделікті қолданып жүрген қант-сахарозаның С12Н22О11 бір молекуласында  12*6+22*1+11*8=72+22+88=182 электрон бар, солар қалай соғылысып қалмайды немесе жолынан шатасып кетпейді деп таң қаласың. Енді бір шай қасық қанттағы (массасы »10 г.) электрон санын есептеп көрейік. Зат мөлшері:  

n(С12Н22О11)=m/М=10/342=0,03 моль, яғни

N(С12Н22О11)= n*NA = 0,03*6,2*1023=0,186*1023

молекула болады. Ондағы электрон саны

N(е)=0,186*1023 немесе 186*1020

Бір шай қасық қанттың осынша электрондары өз ретімен қозғалып, қанттың молекуласы бұзылмай өзінің химиялық және физикалық қасиеттерін (ақ түсін, тәтті дәмін, суда ерігіштігін, т.б.) сақтайды. Егер де бір электрон бірдеңеге ұшыраса, онда оның атомы қирайды да (машинаның бір болты түсіп қалса, не болар еді?), ол өз кезегінде молекуланың бұзылуына әкеліп соғады. Мәселен, қантты өртесе, ол қант емес көмірге айналады. Осылайша, қарапайым мысалдан-ақ, зат құрамындағы өте кішкентай электрон деген бөлшектің табиғатта атқаратын  қызметінің аса маңызды екенін түсінуге болады.    

Айналамыздағы кез-келген зат туралы осыны айтуға болады.

Табиғатта кездейсоқтық жоқ, әр заттың өз орны, өз реті, өз жолы, өз қызметі бар. Яғни, барлық нәрсе өз ішінде көзге көрінбейтін атомдар дүниесінің ішкі заңына бағынады. Сыртқы әлем түгел ғарыш дүниесінің жолымен жүреді. Бұған қарағанда, макроәлем мен микроәлем ұқсас. Өйткені олардың негізі бір, заңы бір.

Әлия Есқалиқызы Темірболатова,
химия ғылымдарының кандидаты

2 пікір
  • дұрыс жазғансыздар
    11 жыл бұрын
  • Мұндай қорытындыға келген болсаңыз, ғылыми дәрежеңізді қайта қарастыру қажет. Макроәлем мен микроәлемнің заңдылықтары мүлдем ұқсас емес. Неге десеңіз, ''Шредингер мысығы'' деген эксперимент жайлы оқып көріңіз. Сәлеммен, ''ядролық физика'' мамандығының студенті.
    11 жыл бұрын