Фото. "Араб шөлі көкке оранып жатыр". Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) тағы бір сөзі шындыққа айналды
Фото. "Араб шөлі көкке оранып жатыр". Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) тағы бір сөзі шындыққа айналды
2 жыл бұрын 35392
Дайындаған Абдусамат Қасым

Соңғы бірнеше апта бойы толассыз жауған жаңбырдан кейін Сауд Арабиясы жерінде сирек кездесетін құбылыс орын алды. Қасиетті Мекке қаласының айналасы және өзгеде өңірлердегі шөл даланы шөп басып, Араб шөлі көкке орануда. Сай-сайда аққан өзендердің пайда болғанын да көруге болады. Араб шөлінде өте сирек кездесетін бұл құбылысты жергілікті халық видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жарыса бөлісуде.

«Араб жері көкке оранса не болыпты? Сол да жаңалық па?» - дерсіңіз. Расында да, не болыпты? Табиғаттың ісіне шара бар ма? Бір аймақ шөлге айналып, екінші бір аймақ, керісінше көкке орануы әбден мүмкін. Дейтұрғанмен бұл жерде бір «бірақ» бар. Табиғаттың бұл тосын сыйына аса қатты қобалжымас едік, егер Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) 14 ғасыр бұрын сүйіншілеп кеткен бір хадисы болмаса. «Сахих» (дұрыс, сенімді) бір хадисте Алла елшісі (с.а.у.) былай деп болашақтан хабар береді:

لا تَقُومُ السَّاعَةُ حتَّى يَكْثُرَ المالُ ويَفِيضَ، حتَّى يَخْرُجَ الرَّجُلُ بزَكاةِ مالِهِ فلا يَجِدُ أحَدًا يَقْبَلُها منه، وحتَّى تَعُودَ أرْضُ العَرَبِ مُرُوجًا وأَنْهارًا.

«Мал-дүниелер асып-тасып, зекетін бергісі келген кісінің зекет алатын бір (кедей) адам таппай қоятын заман келмейінше қиямет қайым болмайды. Және де араб жері қайта жайылымға, өзендерге айналмайынша қиямет қайым болмайды». (Имам Мүслімнің «Сахих Мүслім» атты хадистер жинағынан).

Алла елшісі аталмыш хадис шәрипінде келешекте Араб түбегінің қайта шалғынға айналып, сай-саладан өзендер ағатындығын айтып отыр. Ал енді Сауд Арабиясындағы болып жатқан табиғат құбылысына қарап, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл сөзі шындыққа айналып жатқандығын көруге болады. Осы тұрғыдан қарағанда, Араб жерінің көк майса шалғынға айналуы таңқаларлық құбылыс екендігі сөзсіз. Бұл нені көрсетеді?

Бұл, біріншіден, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) әрбір сөзінің ақиқат екендігін, екіншіден, иманымыз бен іс-әрекеттерімізді қазірден електен өткізіп, ақыретіміз үшін де дайындық жасаудан қапы қалмауымыз керектігін көрсетеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп, Абай атамыз жырлағандай, Құдай Тағалаға деген күмәні барлар, күмәнін сейілтіп, имансыздар иманға келіп, ал намазсыз жүрген мұсылмандар намазға жығылуға асыққандары дұрыс.

Қиямет қайымның қашан болары бір Аллаға аян. Мүмкін бір жылдан кейін, мүмкін жүз жылдан кейін, мүмкін мың жылдан соң да болуы ғажап емес. Оны біз білмейміз. Бірақ бір білеріміз - Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) айтып кеткен қияметтің белгілерінің кезегімен орын алып жатқандығы. Оған куә болудамыз. Бұл, әрбір ақыл иесінің ойланатын, ғибрат алатын жағдай.

Хош. Ендігісі, бүгінгі таңда ғаламтор кеңістігінде жаппай талқыланып жатқан Мекке қаласы мен оның айналасындағы өңірлердің көкке орану құбылысына байланысты фотолар мен бейнебаяндарға орын берелік. Арнайы ғаламтор кеңістігінен жүктеп, сіздермен бөлісуді жөн санадық.

Төменде қасиетті Мекке қаласының таулары мен облыс аймақтарындағы даланың соңғы күндердегі бейнесі бейнеленген.

 


Мекке таулары


"Асафан" орталығына қарасты "Мұқайтиъ" шалғайы. Мекке қаласының солтүстік батысы. 

Фото: @turkisaleh1 твитер


 


 "Тайф" қаласының тауы мен тау шатқалы.


 (Фото: aljazeera.net/)


Меккенің төңірегі 


Фото: www.nessma.tv/ar/


Фото: www.nessma.tv/ar/


Фото: www.nessma.tv/ar/


"Ғойя" даласы (Джидда қаласының шығысы. Сауд Арабиясы). 


"Аль-Лит" өңірі. Мекке қаласының оңтүстік батысы. 

Бейнебаяндар:

0 пікір