Ант түр­ле­рі
Ант түр­ле­рі
10 жыл бұрын 6689
Қайрат Жолдыбайұлы

Ға­мус ан­ты

Жал­ған ант. Бір нәр­се­ні бі­ле тұ­ра әдейі жал­ған ант ету. Мы­са­лы, бі­реу­дің қа­ры­зын бер­ме­ге­нін бі­ле тұ­ра, «Аллаһ аты­мен ант етейін, уаллаһи, бил­ла­һи қа­ры­зын өте­ген­мін» деуі се­кіл­ді. Мұн­дай ант – үл­кен кү­нә. Мұн­дай антқа Ха­на­фи мәз­һа­бын­да кәф­фа­рат ке­рек емес. Оған дә­лел Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) бес нәр­се­ге кәф­фа­рат ке­рек емес деп са­на­ған нәр­се­лер­дің ара­сын­да осы ға­мус тү­рі де бар323.

 

Ла­ғу ан­ты

Қа­те­ле­сіп не­ме­се айтқа­ным дұ­рыс деп ой­лап, ант ету тү­рі. Мы­са­лы, бер­ме­ген қа­ры­зын бер­дім деп ой­лап, «уаллаһи, бил­ла­һи бер­дім» деу се­кіл­ді. Сол се­кіл­ді ант ету­ді ниет ет­пес­тен ант сө­зін айту­ды әдет­ке ай­нал­дыр­ған­дық­тан, сө­зін қуат­тау үшін «уаллаһи, бил­ла­һи» деуі. Бұн­дай антқа кәф­фа­рат ке­рек емес.

 

Мун'ақид ан­ты

Іс­ке асу мүм­кін­ді­гі бар жә­не жал­пы бо­ла­шақ­қа байла­ныс­ты бір нәр­се жайлы ант ету: «уаллаһи, бил­ла­һи, Аллаһ аты­мен ант етейін, ер­тең қа­ры­зың­ды өтей­мін» деуі. Мұн­дай ан­тын орын­да­ма­са, кәф­фа­рат ке­рек. Құ­ран­да: «Аллаһ бі­ле тұ­ра іс­те­ген антта­рың­а жауапты қылады»324, – дейді. Мұ­сыл­ман адам қо­лы­нан ке­ле­тін бір нәр­се­ге ант бер­се, орын­дауы ке­рек. Мұ­сыл­ман өзі­не бер­ген сө­зі мен уәде­сін­де тұр­ға­ны дұ­рыс. Құ­ран­да Аллаһ: «Антта­рың­ды сақ­таң­дар»325, «Аллаһ­қа бер­ген сер­тте­рің­ді орын­даң­дар»326, – дейді.



323 Бухари, Әдәб, 6.

324 Маида, 5/89.

325 Маида, 5/89.

326 Нахыл, 16/91.

0 пікір