Ел ішінде бүліктер туындаған кезде сахабалардың бірі хазірет Әлиден:
– Уа, Әли, қазіргі оқиғалар сенен бұрынғы халифалар уақытында кездеспеген еді. Бұның себебі не? – деп сұрапты.
Сонда хазірет Әли:
– Олардың кезінде біз бар едік, біздің кезімізде олар жоқ, – деп мағыналы жауап қайтарған екен.