Имам Бақырдың толық аты-жөні – Мұхаммед ибн Әли ибн Хұсейін екен. Оның Бақыр деген лақап аты аса білімді немесе білімнің құпиясын ашқан деген мағынаны береді. Халық осылай атап кеткеннен кейін оның көпшілік арасында орны бөлек адам екені байқалады.
Бірде мәсихи оның Бақыр атын арабша “сиыр” деп аударылатын “бәқар” сөзімен шатастырғансып:
- Осы сен шындығында сиырсың ба? – деп сұрайды.
Сонда ешқандай өкпе-реніш білдірместен, имам жәймен ғана:
- Жоқ, мен сиыр (бәқар) емеспін, мен – Бақырмын, - деп жауап береді.
Мәсихи онымен қоймай:
- Сен осы анау жүрген аспазшы әйелдің ұлы емес пе едің? – деп тағы да сұрайды.
- Иә, ол кісінің қызметі солай болатын. Бірақ оның ешқандай оғаштығы жоқ, - дейді Имам Бақыр оның сауалына жауап беріп.
Мәсихи қадалған жерінен қан алатын біреу екен, тағы да:
- Шешеңнің түрі келіссіз, шайпау қара қатын ғой, - дейді. Имам Бақырдың сондағы айтқан жауабы мынау екен:
- Егер де сенің осы айтқандарың рас болса, Алла тағала менің анамның күнәсін кешіре көрсін. Ал сенің айтқандарың өтірік болатын болса, оған жала жапқан сені Құдайымыз кешіре көргей, - деген Имамның сабырлы да жайбарақат жауабына қайран қалған әлгі мәсихи көп ұзамай Ислам дінін қабылдаған екен.
Міне, осындай шыдамдылық пен төзімділік те білімнің бір өнегесі іспетті Ислам дінінің даңқын кеңінен жайған қасиеттердің бірі болып табылады.
Аударған Ғалия Қамбарбекова