Кәміл адам бар ма?
Кәміл адам бар ма?
9 жыл бұрын 4983

Ілгеріде бір кісінің ойына: «Осы күні кәміл адам бар ма екен өзі?» деген сұрақ келіпті. Сөйткенше болмай ғайыптан естілген бір дауыс: «Иә, бар. Пәлен деген жердегі темір ұстасы Ахмет кәміл мұсылман» - депті. Бұл кісі Ахметті іздеп, тауып, сыртынан бірнеше мәрте бақылағанмен, оның бойынан пәлендей артықшылық көре қоймапты.

Бірде сол кісінің ұстаханасына барып, өзіне тіке жолығыпты. Көкейдегісін түгел жасырмай айтыпты. Темір ұстасы Ахмет: «Иә, өзің көргендей алып бара жатқан ерекшелігім жоқ. Түн сайын тахажжуд оқимын, күндіздері үзбей ораза ұстаймын дей алмаймын. Бірақ мынаны айтайын, кейде темірді қыздырам. Қатты қызған уақытында тозақты еске алам. Темірге көрік басып жатып, мұсылман үмбетін ойлаймын. Ештеңеден хабарсыз жүргендері ертең тозаққа түспесе екен деп үнемі жан жүрегіммен дұға тілеп жалбарынам: «Алла тағалам, мұсылмандарды кешіре гөр, оларға мейіріміңді төк, күнәлардан құтқара гөр», - деп үздей дұға етемін. Дұғаға қатты беріліп кететінім сондай, кейде темірдің шоқ жағын ұстап алсам да қолым күймейтіні бар» - дейді.

1 пікір